Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4367 0 пікір 29 Қыркүйек, 2016 сағат 16:32

Мемлекеттік кірістер комитеті тағы да автомобиль ұтысын өткізеді!

Бұл туралы журналистер мен блогерлерге МКК өткен брифингте ведомстваның жаңа ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.

Өткен жылы «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен МКК республика аумағында «Чекті талап етіп жүлде ұтып ал» атты акциясын өткізген. Оның аясында 200-ден аса жүлде, оның ішінде бас жүлде – Chevrolet маркасының автокөлігі ұтысқа салынып, өз иелерін тапты.  

Азаматтар акцияға қатысуы үшін сатып алған тауар, қызмет немесе жұмыс бойынша фискалды чектарды мемлекеттік кіріс органдарына беруі керек еді.

Республика бойынша акцияға 2 млн. аса адам қатысып, 10 млн. аса чекті жіберді.

Акцияны өткізу нәтижесінде заңнан тыс жұмыс істеп келген 9 мыңнан аса жеке кәсіпкер салықтық тіркеуге қойылды, 8 мыңнан астам бақылау кассалық аппараттар тіркелді.

М.Жұманбай, қазақстандықтар өздерінің белсенді әрекеті арқылы көлеңкелі экономика көлемінің азаюына және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестіктің дамуына өз үлестерін қосқандығын атап өтті.

Ол осы жылы да МКК азаматтарымызға салықтық заңнаманы сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатыса отырып, бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік беретіндігін жария етті.

Мәселен, ағымдағы жылғы 1 қазанда «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен МКК «Чекті талап етіп жүлде ұтып ал» акциясын бастайды.

Оның мақсаты азаматтардың товар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

М.Жұманбайдың айтуынша өткен жылғы акция әрбір аймақта бөлек және түрлі нысандарда өткізілген.Бір жерде чектер WhatsApp қосымшасы арқылы қабылданса, енді бір жерде қағаз лотерея билеттеріне ауыстырылып, жеңімпаздар лотерелық барабан арқылы анықталды.

Оның қортындыларын жасаған кезде біз акция болашақта автоматтандырылып, орталықтанған сипатта өтетінін уәде еткенбіз.

«Сондықтан осы жылғы акция «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық қолдауымен электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы«Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі», - деп еске салды М.Жұманбай.

Бұл мобилді қосымша таза қазақстандық өнім болып табылады. Отандық мамандар дайындаған бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.

Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.

Іс-шара ағымдағы жылғы 1 қазан мен 15 желтоқсан аралығында өткізіледі. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді. 

Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

Жүлделер бизнес-қауымдастықпен ұсынылып отыр.

Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Қаншалықты көп чек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі. 

Қайталанып жіберліген чектер ұтысқа қатыспайды.

«Жеңімпаздарды анықтау үрдісінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін әрбір облыс пен Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің жанында құрамына кәсіпкерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіретін комиссиялар құрылады», - деп түйіндеді ресми өкіл.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552