Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4220 0 пікір 29 Қыркүйек, 2016 сағат 16:27

Кәсіпкерлік мектебі «Фермер жолсерігі» атты жинақтың ресми презентациясын өткізді

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз орталығында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Кәсіпкерлік мектебі «Фермер жолсерігі» атты ауыл шаруашылығы саласындағы технологиялар жинағы кітабының ресми презентациясын өткізді.

ОҚО Кәсіпкерлік мектебінің басты мақсаты - кәсіпкерлердің бизнес сауаттылығын арттырып, шаруалардың кәсібіне қолдау көрсету. Аталған кітапты кеңінен тарату арқылы, облыс тұрғындарын, әсіресе, ауылдық аймақтардағы тұрғындарды, шаруаларды кәсіпкерлікке баулу мен оған үйрету болып табылады.

Қазақстанның оңтүстік аймағында ауыл шаруашылығы саласында заманауи технологияларды енгізу арқылы өнімділікті және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту мақсатында, аталмыш кітап Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп шығарылған.

«Ұсынылып отырған оқу құралы фермерлердің, әсіресе, шаруалардың кәсіби білімін және біліктілігін арттырып, озық технологияларды меңгеруіне және технологиялық карта негізінде берілген ұсынылымдарды шаруашылығында тәжірибе жүзінде пайдалануына септігін тигізеріне толық негіз бар. Бұл кітапта ауыл шаруашылығындағы атқарылатын барлық жұмыстар мен өнімнің сапасын жақсартудың тәсілдері ғылыми және өндірістік тұрғыда Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайына бейімделіп, сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіп түрлеріне бизнес-жоспарлар есебімен және үлгілерімен бірге қамтылған» - деп мәлімдеді ОҚО Кәсіпкерлік мектебінің директоры Береке Дуйсебеков.

Аталған іс-шараға әрекеттегі кәсіпкерлер, шаруалар мен ауыл шаруашылығы салаларының мамандары, Оңтүстік – Батыс мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу инситутының ғалымдары, және т.б. түрлі ұйымдар қатысты.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552