Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4587 0 пікір 29 Қыркүйек, 2016 сағат 12:59

Жеміс-жидек фестивалі басталды

Ордабасы ауданында жеміс-жидек фестивалі басталды. Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы жəне Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай Темірланда ауылшаруашылық дақылдарының көрмесі өтуде. "Жеміс жидектер" фестиваліне барша аумақ əкімдіктері мен мектептер жəне мекемелер қатысуда.

Ордабасы ауданында 5203 шаруа қожалығы, 404 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 187 өндірістік кооператив 54 384 гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын егіп, бүгінде еңбегінің жемісін көруде. Оның ішінде 2117 гектардан бақша өнімдері, 6469 гектардан майлы дақылдар, 3315 гектардан көкөніс, 635 гектардан картоп жиналуда. 

Жеміс-жидек фестивалін аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмек ашып, қатысушыларға алғысын жеткізді. Ордабасының өнімдері бүгінде талай өңірді тамсандырып жүргенін тілге тиек етіп, бұл жетістікте әр шаруаның еңбегі барын атап өтті.

1590 адам бағдарламаға қатысты

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы бойынша Ордабасы ауданында жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Жыл басынан бері бағдарламаға қатысу үшін 1590 азамат өтініш білдірді. 

Бағдарламаның 1 бағыты - «Инфрақұрылымды және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша Ө.Тұрманжанов және Қ.Бектаев мектептерінің күрделі жөндеуіне республикалық және жергілікті бюджеттен 297,529 мың теңге қаралды. Ө.Тұрманжанов мектебін мемлекеттік сатып алу конкурсынан жеңіп алған мердігері - «Құрылыс-ТА» ЖШС, Қ.Бектаев мектебінің мердігері - «Altyn LTD» ЖШС, бұл нысандарға нақты 70 азамат Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы уақытша жұмысқа жолданды. 

Бағдарламаның ІІ бағыты - «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» бойынша 2016 жылғы 8 айдың қорытындысымен кәсіпкерлік негіздеріне - 30 азамат оқытылып, межеленген жоспар 100 пайызға орындалды. 

Екінші бағыт шеңберінде 87 адамға 240,6 млн. теңге шағын несие берілді. Жоспар бойынша 71 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бағдарламаның ІІІ бағыты шеңберінде бос және жаңа жұмыс орындарына 1206 азаматты тұрақты жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінгі таңға жолданғаны 912 азамат, яғни жоспар 75,6 пайызға орындалды. 

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша 156 адам әлеуметтік жұмыс орындарына өтінім берген 28 мекемеге жолданды. 

127 жас маман Жастар практикасына тартылды. Сонымен қатар, қайта даярлау курстарына жоспар бойынша 25 азамат оқуға жолданды.

Қоғамдық жұмыс бойынша жылдық жоспар 600 адам, 8 айдағы жоспар 415, нақты 238 адам жолданды

Халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2016 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмыспен қамтылуы бойынша 8 айлық жоспар – 83 адам, нақты – 110 адам (132,5 %) жұмыспен қамтылды. Оның ішінде:

- Әлеуметтік жұмыс орындарына – 26 адам. 

- Жастар практикасына - 3 адам. 

- Ақылы қоғамдық жұмысқа - 5 адам. 

- Шағын несиелеу - 5 адам. 

- Қайта даярлау – 8 адам.

- Жаңа және бос жұмыс орындарына 63 адам, оның ішінде 3 пайыздық квотамен – 7 адам.

Abai.kz

  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566