Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4855 0 пікір 29 Қыркүйек, 2016 сағат 12:52

Мақта шаруашылығы: бүгін және болашақ

Кеше Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында мақта шаруашылығының бүгіні және болашағы мәселесінде бейресми жиналыс болып өтті. Жиынға аудан әкімі Ғалым Исмаилов, ОҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков және Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басшылары, мақта зауыттары мен пункттерінің өкілдері қатысты.                                           

Мақтарал ауданы аумағында мақта тұқымы шаруашылығын дамыту, мақта өнімін ұлғайту мәселелері қарастырылған жиында Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ибадулла Үмбетаев мақта тұқымы шаруашылығын ұйымдастырудағы негізгі кемшіліктерді атап көрсетті. Оның айтуынша, тұқым егілетін егістіктердің бытыраңқылығы, тұқымдық алқаптарда агротехникалық талаптардың сақталмауы, мақта қабылдау кезінде зауыттарда элиталық және репродукциялық дайындалған мақтаның белгісіз тауарлық мақталармен араласуы – мақта сортының келешегін жояды екен. Сонымен қатар, көп сорттылық (тұқымның зауытта араласып кетуі), мақта зауыттарының себілетін тұқымды дайындауға және дайындауға арналған арнайы жабдықтармен жабдықталмауы да тұқым шаруашылығын дамытуда кедергі жасап жатқанын ғалым атап өтті.

ОҚО Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков «Мақта шаруашылығын кооперациялау механизмі» жобасын ұсынды. Жоба бойынша мақта зауыттары мен шаруаларды біріктіріп «Акционерлік қоғам (АҚ)» құру керектігі айтылды және осы арқылы зауытта акциясы бар шаруалардың зауытты басқару мүмкіндіктері ашылады. «Ұсынылып отырған мақта шаруашылығын кооперациялау механизмінің арттықшылығы шаруалар зауытпен бірігіп түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге ынталы болады және қайта өңдеу кәсіпорындары қажетті шикізатпен тұрақты түрде қамтамасыз етіледі. Әрі қарай ОҚО тоқыма өндірісі кәсіпорындарымен өзара тиімді кооперациялау мүмкіндігі бар» - дейді Серік Тұрбеков.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555