Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 5455 0 пікір 29 Қыркүйек, 2016 сағат 12:42

ҰЗЫНАҒАШТАҒЫ ОҚИҒА. КҮДІКТІЛЕРДІҢ ТУЫСТАРЫ НЕ ДЕЙДІ?

Алматы облысында дүйім жұртты шулатқан, үш бірдей азаматты жауыздықпен өлтіріп, малын олжалады деген күдіктілер жайлы әзірге толық ақпарат айтылмады. Тек олардың тұрғылықты жері мен аты-жөндері белгілі. Ал, олардың бұған дейін немен айналысып, қалай тіршілік еткендері де көпшілікке беймәлім. 31-телеарна тілшілері күдіктілердің ауылдастары мен ағайын-туыстарын сөзге тартып, олардың да пікірін жариялап отыр.

Бұрынғы Амангелді совхозы, қазіргі Сұраншы батыр ауылы бүгінде томаға-тұйық. Көшеде бейсауат жүрген адам жоқ, сөзге сараң, ешкім сұхбат та бермейді. Ауылдастарының әрекеті елді шошытқан сыңайлы. 45 жастағы Талғат есімді күдікті көп жылдан бері көлік жөндеп күнелткен екен. Соңғы кездері ептеп мал саудасымен айналысыпты. Үш баланың әкесі. Туған-туыстары еңбекқор Талғаттың қанды оқиғаға қатысы барына сенбейді. Бірақ ешбірі сұхбат беріп, ашылып сөйлеспеді.

Ал, екінші күдікті Мұрат Оңалбаевтың анасы болса ұлының әлдекімдердің арбауына түсіп қалғанына сенімді. 

"Сол күні КазЦикте бір жігіттің өліміне әйелімен бәріміз барып келе жатқанымызда телефонына біреу қоңырау шалды, шақырды, 1-мен 2-нің ортасы не 2 мен 3-тің ортасы. Мен базардан мал алып келе жатыр едім камазбен, үйімнің жанына келіп түсірісіп жіберші деді. Ауылдың баласы, ағайын адамбыз, сосын балам жарайды деді. Бізді түсіріп, соған кетті, арты осы болды. Одан ары қарай не болғанын, қалай болғанын білмеймін", - дейді Мұраттың анасы.

41жастағы Мұрат Оңалбаев - үшінші топтағы мүгедек екен. Бір көзі кемтар. Оның да үш баласы бар. Бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған. Көлігімен адам тасып күнелткен.

"Тек адам өлтіреді дегенге сенбейім. Алтын көріп періште жолдан тайып, саған да бірдеңе береміз десе соған ілесіп кетті ма, қайдан білейін? Ол тек еруші", - дейді күдіктінің анасы.

Айта кетейік, марқұмдардың туыстары да қылмыскерлердің екеу болғанына сенбейді. Денелі, қайратты үш жігітті екі адамның байлап, кейін өлтіруі ақылға қонбайды дейді олар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562