УАҺАБИСТЕР ЕЛДІ ТОҚАЛДАН АЙЫРДЫ...
Бұдан былай мешіттеріміз АХАЖ бөлімінен ресми құжат көрсетпейінше, неке қимайтын болды. Бұл – «екі, үш, мейлі төрт әйел алсаң да, мешітте мұсылманша некең қиылмайды» деген сөз. Себебі, елімізде көп әйел алуға, оны заңды некеге тіркеуге рұқсат жоқ. Бұның бәрі еліміздегі УАҺАБИЛЕРДІҢ КЕСІРІНЕН. Әйелді үсті-үстіне алып, ЖЕЗӨКШЕ СЕКІЛДІ ПАЙДАЛАНЫП, көп уақыт өтпей, қайта ТАЛАҚ ЕТІП қоя берулері, міне, осыған алып келді. Оқу орындарындағы, мемлекеттік мекемелердегі, түзету мекемелеріндегі намазханаларымыздың жабылуына да осы УАҺАБИЛЕР себеп болған еді. Намазханаларда жиналып, өздерінің УЛЫ ИДЕОЛОГИЯЛАРЫН таратқаны үшін, мемлекет ғибадатханаларымызды жабуға мәжбүр болды.
«Бірдің кесірі мыңға тиді» деген осы болса керек. Өздерін дінге пайда тигізіп жатырмыз деп ойлағанымен, жағдай кері кетіп барады. Негізінде уаһабиліктің шығу мақсаты да – Ислам дінін қоғамға жексұрын дін етіп көрсету еді ғой. Бүгінде бұлар сол мақсаттарына сай әрекет етіп келеді.
УАҺАБИЛІК - қоғамда ДІННІҢ ДАМЫМАУЫ үшін, мұсылмандардың ДІНІНЕН ҰЗАҚ ҚАЛУЫ үшін, елдің ДІНСІЗ, АРСЫЗ, ИМАНСЫЗ болу үшін, ақыретте көппіз деп мақтанатын Мұхаммед (с.а.у.) үмбетінің ӨСІП-ӨНБЕУІ үшін, мұсылман еместердің Ислам дінінен ҮРКІП ҚАШУЫ үшін, Ислам дінін бейбітшілік емес, махаббат пен сүйіспеншіліктен ада ҚАНІШЕР, ЖАУЫЗ, ЗҰЛЫМДЫҚ діні деп таныту үшін БАТЫСТЫҢ жасақтап шығарған ағымы.
Десек те, битке өкпелеп тонымызды отқа тастамауымыз керек еді. Біз МЕШІТТЕ ҚҰЖАТСЫЗ НЕКЕ ҚИМАУ арқылы, НАМАЗХАНАЛАРДЫ ЖАБУ арқылы тек мақсаттарының жүзеге асуына жәрдем етіп келеміз.
Күн өткен сайын қарқындап өсіп келе жатқан МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ САНЫ демографиялық дағдарысқа ұшырап отырған Батыстың ҚЫЗҒАНЫШ ОТЫН қыздырып барады. Сол үшін олар мұсылмандардың өсіп-өнгенін еш қаламайды. Осы мақсатта мұсылман қоғамы арасында моногамияны насихаттап, полигамияны қоғам үрке қарайтындай құбыжық дүниеге айналдырды. ЕЛІМІЗ де бұл идеологияның ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ. Халықтың санасында да КӨП ӘЙЕЛ АЛУ адам шошитындай, "масқара" дейтіндей халге келді. Енді міне, көп әйел алғандардың некесін қиюдан мешіттеріміз де бас тартып жатыр.
Бұл – халіміздің тіптен мүшкіл күйге жеткендігін көрсетеді.
ЖЕСІРІН ҚАҢҒЫРТПАҒАН, ЖЕТІМІН ЖЫЛАТПАҒАН, ОҢ ЖАҚТА ҚЫЗЫН ОТЫРҒЫЗБАҒАН қазақ енді бұл дәстүрін өзі МАНСҰҚ ЕТІП ОТЫР. Елімізде онсыз да ЖЕСІР, ЖЕТІМ, КӘРІ ҚЫЗДАРДЫҢ мәселесі өзекті болып тұрғанда, бұл проблеманы шешудің орнына, керісінше, асқындырып қойды. ҚМДБ бұған басқаша шешім табуы тиіс еді. "Қыздың ата-анасын куәгерлікке алып келу" деген секілді ШАРТТАР ҚОЮҒА да болатын еді... Алайда, таяқты тым иіп жіберген секілдіміз. Онсыз да аз қазақтың КӨБЕЮІНЕ тосқауыл қойдық. Керісінше, ҮКІМЕТ КӨП ӘЙЕЛ АЛУДЫ ЗАҢДАСТЫРУЫ керек еді. Сол кезде УАҺАБИЛЕРДІҢ бұл БАССЫЗДЫҚТАРЫНА тосқауыл болар еді. Олар да көп әйел аларда ойланады. Себебі, талақ қылатын болса, әйел сотқа жағымдана алады. Сот оған жауапкершілік жүктейді. Орындамаған жағдайда сотқа тартады. Мешітте неке қимаумен мәселе әсте шешілмейді. Себебі, УАҺАБИЛЕР НЕКЕСІН ҚИДЫРУҒА онсыз да МЕШІТКЕ БАРМАЙДЫ. Некелерін өздерінің арасында-ақ қиып алып жүре береді.
Осы уақытқа дейін көп әйел алудан қазақ ешуақытта зардап шекпеген. Керісінше демографиялық проблемасын шешіп келген. Үш әйелі болған Бәйдібек бабамыздың бәйбішесінен кейінгі екінші әйелі ЗЕРІПТЕН Жаламбет туып, одан ШАПЫРАШТЫ, ОШАҚТЫ, ЫСТЫ болып үш рулы ел өрбіп отыр. Ал үшінші әйелі ДОМАЛАҚ анамыздан АЛБАН, СУАН, ДУЛАТ руы тарап отыр. Арғын МЕЙРАМСОПЫ бабамыздың бәйбішесі отағасына ҚАРҚАБАТ анамызды тоқалдыққа алып беріп, одан қалың ҚАРАКЕСЕК қаулады. Елімізге келіп, дін жайып, бізді Исламмен қауыштырған Пайғамбарымыздың ӘЗІРЕТІ ӘЛИ арқылы тараған ұрпағы – ҚОЖАЛАРЫМЫЗ Фатима анамыздан ғана туған десеңіз, қателесіз. Қазақ даласына келген қожалардың көбі Әзіреті Әлидің Ханафия әйеліне туған МҰХАММЕД-ХАНАФИЯНЫҢ ұрпағы. Осыған ұқсас көптеген мысал келтіруге болады. Біз АБЫЛАЙ ХАНДЫ, беріректе жатқан үш-төрттен әйел алғаан ҚҰНАНБАЙ мен АБАЙДЫ айтпадық.
Ендеше КӨП ӘЙЕЛ АЛУҒА ҚАРСЫ ШЫҚПАЙЫҚ. ТОҚАЛДАН ТУҒАНЫМЫЗДЫ ҰМЫТПАЙЫҚ!
Салтан Сайранұлының
Facebook-тегі парақшасынан
Abai.kz