Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3163 0 пікір 24 Қыркүйек, 2016 сағат 13:16

Аудан әкімі шағын елді мекендерді аралауды жалғастыруда

Созақ ауданы әкімі М. Исаев шағын елді мекен тұрғындарымен кездесуді жалғастыруда. Екінші айдың көлемі болды, халықпен жүздесіп, емен жарқын әңгімелесуде. Осы уақытқа дейін он екі елді мекенде болып, бірқатар мәселелердің шешілуіне ықпал етті. Галстуксыз өткен кездесу барысында көпшілік ойларын ашық айтып, өтініш ұсыныстарын білдіруде.

Бұл жолғы кездесу Қарағұр ауыл округіне қарасты, Шаға елді мекенінде болды. Тұрғындарды толғандырған басты мәселе, орталық көшеге тас төселіп, су ағатын шағын көпірлер қойылса деді. Сондай-ақ таза ауыз сумен қамтамасыз ету қашан жүргізіледі деген сауалдарын жеткізді. Өз сөзінде аудан әкімі орталық жолды орта жөндеуден өткізу келер жылы жүргізілетінін айтты. Су құбырын жүргізуге облыстық бюджеттен жобалау- сметалық құжаттар дайындауға тиісті қаржы бөлініп, басқарма тарапынан конкурс өткізілуде. Ауыз су нысанының құрылыс жұмыстары 2017-2018 жылдары жүргізілетін болады деді аудан басшысы.

Елді мекен тұрғындары бірқатар жекелеген өтініштерін де жеткізді. Жиын соңында ауыл ақсақалдары халықпен кездесіп, тізе қосып бірге жұмыс жасаған аудан әкіміне алғыстарын айтты. 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі. 

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584