Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
46 - сөз 6369 0 пікір 23 Қыркүйек, 2016 сағат 13:05

ҚАЗАҚ ПЕН ҚЫТАЙДЫҢ АЙТЫСЫ


(әзіл-шыны аралас)

ҚЫТАЙ: 
Сәлем қазақ дегенде, сәлем қазақ! 
Сағындырмай өзіңе келем қазақ! 
Айтысуға талайдан іздеп жүр ем, 
Қолға өзің түстің бе, бәлем, қазақ!

Амансың ба, баладай аңқау қазақ!
Ұйқылы-ояу жүретін марғау қазақ!
Жамбасыңның астында байлық жатып, 
Жарымай-ақ күн көрген жалқау қазақ!

ҚАЗАҚ: 
Хаума қытай дегенде, хаума қытай! 
Жалғыз балаң, қатының сау ма қытай! 
Дос болуға мен сені келді десем, 
Іздегенің айтыс пен дау ма, қытай?

Шақырмай-ақ қаптадың даламызға. 
Тауарың да толып тұр қаламызда. 
Өзі сасық, өзі улы болса-дағы, 
«Арзан...» ғой деп әйтеуір аламыз да...

ҚЫТАЙ: 
Біздің киім болмаса, біздің тамақ,
Аш-жалаңаш жүрер ең байғұс қазақ!
Зейнетақың, жалақың түкке жетпей, 
Көріп жүрсің күніңді тиын санап.

Жерің де кең, байлығың неткен мол-ақ! 
Сол байлықты билігің жатыр тонап! 
Орыс досым екеуміз «шапка» беріп, 
Уран, мұнай, газыңды алдық талап.

Жеріңді алсақ енді біз, егін салсақ, 
Қызыңды алып, мың жылдық құда болсақ...
Жиеніңді көбейтіп құмырсқадай,
Бәріміз де осында мәңгі қалсақ!

ҚАЗАҚ: 
Не айтайын, «қиғаш қас» қытайым-ай, 
Мені жеңдің, сенің көп ұпайың-ай!
Бір айтыстан жеңіліп көрмеп едім,
Жығып берді-ау, қу билік, құдайым-ай...

Досым Зікірия

Facebook-тегі парақшасынан

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669