Қорғанбек АМАНЖОЛ. Ел ғылыммен көркеймек
Кеше Алматыдағы Ғалымдар үйінде Ұлттық Ғылым академиясы жалпы жиналысының кезектен тыс сессиясы болып өтті
Бүгінде Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясы қоғам дамуы¬ның маңызды мәселесін шешуге зор үлес қосқан, әлемдік ғылыми қоғамдастық мойындаған 176 академигі бар еліміздің жетекші ғылыми ұйымы болып табылады. Академия құрамында 6 салалық және 10 аймақтық бөлімшелер мен филиалдар жұмыс істейді.
Кеше Алматыдағы Ғалымдар үйінде Ұлттық Ғылым академиясы жалпы жиналысының кезектен тыс сессиясы болып өтті
Бүгінде Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясы қоғам дамуы¬ның маңызды мәселесін шешуге зор үлес қосқан, әлемдік ғылыми қоғамдастық мойындаған 176 академигі бар еліміздің жетекші ғылыми ұйымы болып табылады. Академия құрамында 6 салалық және 10 аймақтық бөлімшелер мен филиалдар жұмыс істейді.
Сессияда Ғылым академия¬сы¬ның алдында тұрған өзекті де көкейкесті мәселелер сөз етілді. Академик Ә.Нысанбаев “Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған “Дағдарыс арқы¬лы – жаңару мен дамуға” атты Жолдауына орай және “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы жалпы халықтық тұғыр¬намасының жүзеге асуын қолдауға бағытталған, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ғылымның рөлі туралы баяндама жасады. Жарыссөзге шыққан академик Д.Кішібеков жалпы ғылымның теориялық тиянағына, біздің қоғамдағы идеялық тәрбиеге кө¬ңіл бөлді. Филология ғылым¬да¬ры¬ның докторы, белгілі жазушы Х.Әдібаевтың қызғылықты да мазмұнды баяндамасы “Әмбебап ақиқат – адамзаттың өмір сүру заңы” деген мәңгілік құнды¬лық¬тар тақырыбын қаузады. Бұдан соң ҰҒА президенті, академик М.Жұрынов Ғылым академиясы төралқасының қызметі жайлы есеп беріп, алда тұрған міндет¬терге кеңінен тоқталды. Есепті кезеңде жыл сайынғы Ұлттық баян¬даманың кезекті бесінші томы дайындалды. Ол “Ұлттық идея – Қазақстан дамуының негізі” бағдарламасы бойынша 2007-2009 жылдарға арналған мем¬лекеттік тапсырыс аясында орындалған. Мұнда аграрлық, биологиялық және медицина ғылымдарының жай-күйі мен перспективалық бағыттары, даму үрдістері байыпталып зерделенді. Ғылым академиясы әлемнің 78 елінің ұлттық кітапханаларына та¬райтын 8 академиялық журнал¬ды шығару арқылы отандық ғылым жетістіктерін насихаттап ке¬леді. Ғылым мен техника сала¬сындағы сыйлықтарға конкурс¬тар, көрмелер, конференциялар мен симпозиумдар өткізуде. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты жолға қойып, іргелі ғылыми-зерттеулер бойын¬ша жұмыстар жүргізуде. Акаде¬мия өз құрамында жұмыс істейтін Фармакология ғылыми-зерттеу институтын, Биоэтика жөніндегі комитетті құрды. Төралқа іргелі зерттеулер бағдарламасы бойын¬ша 4 ғылыми жобаның орын¬далуын қамтамасыз етті. Бүгінде академия жанында “ҚР ҰҒА зерттеу орталығы” жұмыс істейді.
Әрине, Ғылым академия¬сы¬ның қазіргі жай-күйі, ғалым¬дар¬дың жағдайы әлі де болса жақ¬сартуды, мемлекет тарапынан кө¬бі¬рек көңіл бөлуді талап ететін¬дей. Соңғы уақытта Ғылым ака¬де¬миясы тікелей мемлекет құзы¬рына көшсе екен деген тілектер көбірек айтылуда. Қазір мұндағы екі жұмыс түрі ғана мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Қалған жұмыстар көбіне-көп қоғамдық негізде атқарылуда. Бұл жағдайда өндіріс дамуына ықпал ететін іргелі ғылымды дамыту әсте мүмкін еместігі белгілі.
Бірақ, көңілге үміт ұялатар¬лық оң қадамдар да баршылық. Атап айтқанда, өткен жылы конс¬титу¬ция¬лық реформа жүргізілген кезде оның қоғамдық бірлестік¬терді қаржыландыруға тыйым салатын бесінші бабы өзгертілген. Енді Ғылым академиясы атаулы түрде қаржыландырыла алады. Сонымен бірге, қазіргі уақытта “Ғылым туралы” Заңның жаңа мәтіні талқылаудан өтуде. Осы заң қабылданғаннан кейін Ұлт¬тық Ғылым академиясы Қазақ¬стан Үкіметімен келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін болады. 10 маусымда Мемлекет басшысы¬ның қатысуымен ғылым мәселе¬лері бойынша салиқалы кеңес өтеді деп күтілуде. Бұдан кейін “Ғылым туралы” Заң Парламент¬те талқыланып, республикадағы ғылымның дамуына байланысты көптеген мәселелер айқындалып, бір¬қатар түйткілді сұрақтар өз шешімін таппақ.
Қорғанбек АМАНЖОЛ.
«Егемен Қазақстан» газеті 29 мамыр 2009 жыл