Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Экономика 4431 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 12:05

«Самұрық-Қазына» мұнай-химия кластері үшін инвестор іздеуде

«Самұрық-Қазына» қоры Атырау мұнай-химия кластері үшін белсенді түрде инвестор іздестіруде. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

«Атырау мұнай-химия кластері көмірсутекті шикізаттарды терең өңдей отырып, базалық өнімдері - полипропилен мен полиэтилен шығаруды қамтамасыз етеді. Жобалардың жалпы құны 10 млрд долларға дейін бағаланады. Біз жобаны тиімді басқаруды қамтамасыз ете алатын, тең инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс атқарудамыз», - деп «Біріккен химиялықлық компания» жобаларын жүзеге асыру туралы әңгімесі кезінде Өмірзақ Шөкеев ойымен бөлісті.

«Самұрық-Қазына» қорының еншілес компаниясы «Біріккен химиялық компания» ЖШС Қазақстанда химия өнеркәсібін жаңғырту және осы саладағы инновациялық жобаларды іске асыру үшін арнайы құрылған.

Қазіргі уақытта компания 600 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз еткен екі зауытты іске қосты – Степногорск қаласындағы күкірт қышқылы зауыты және Атырау облысындағы полимерлік өнімдерді шығару зауыты.

Қазіргі уақытта БХК екі кластерлердің құрылысына шоғырланған: Атырау облысында органикалық химия және Жамбыл облысында бейорганикалық химия. Кластерлерді дамытудың негізі - инфрақұрылым қалыптастыру болып табылады, оның ішіне «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясы да жатады.

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061