Жұма, 29 Наурыз 2024
4434 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 16:34

АЛМАТЫ МЕН БУДАПЕШТ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРІКТЕС ҚАЛАЛАР

Жақында Алматыға Венгрия астанасынан арнайы делегация  келді.  Сөйтіп, Алматы мен Будапешт сауда экономикалық және мәдени гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Алматы қаласының басшысы  Бауыржан Қадырғалиұлы  Байбек Будапешт қаласы мэрінің орынбасары Габор Багди басқарған делегацияны қабылдады. Тараптар қос қала арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту, жаңа перспективаларды ашу әм мәдени гуманитарлық қарым-қатынастарды жаңа белеске шығару мәселелерін сөз еткен.

Бауыржан Байбек кездесу барысында үстіміздегі жылдың 10 айы ішінде Алматы мен Венгрия арасындағы тауар айналымының 2015 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 20% -ға артып, 45,2 млн. АҚШ долларын құрағанын айтты. Мегаполис басшысы Алматы үшін Будапештің қоғамдық көлік жұмысын жақсарту, қалдықтарды утилизациялау мен су ресурстарын пайдалану жөніндегі тәжірибесі тартымды екенін жеткізді.

Өз кезегінде Г.Багди Будапешт мэрінің атынан Алматы әкімін Венгрия астанасына шақырды және тұрақты даму саласының шешімдерімен жеке өзінің танысып шығуын өтінді.

«Мен Алматыда алғаш рет болуым, қаланың сұлулығына тәнтімін. Өндіріс саласы, азық-түлік тауарларымен, студенттермен алмасу және туризм бойынша біздің қалаларымыздың әлеуеті жоғары екендігіне сенімдімін. Оның үстіне Венгрия азаматтары мұнда 15 күн бойына визасыз жүре алады», - деді Г.Багди.

Венгрия тарапына «Инновациялық технологиялар паркінің» арнайы аймағында болу мүкіндігі ұсынылды, мұнда қазірдің өзінде 150 компания жұмыс істеуде, ал Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта 33 компания ашылды, олардың төрттен бірі шетелдіктердің қатысуымен жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Алматы мен Будапешт арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге сонау 2003 жылы қол қойылған-тін.

Екі қала арасында фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, ІТ-технология және туризм салаларын дамытуға мүмкіншілік бар екендігін айта кеткен жөн.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3534