Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2346 0 пікір 9 Желтоқсан, 2016 сағат 18:53

Шардарада жылыжай молайып келеді

Қоссейіт ауылында соңғы уақытта жүзім өсіріп, үйінен жылыжай салушылар қатары молайып тұр. Аудан әкімі Арман Абдуллаев былтырдан бастап барлығы 13 гектар алқапқа жүзім ағашын отырғызып жатқан Қабылан Жұмабектің шаруашылығын аралап көрді. Және бұл өңірде жүзім шаруашылығын өсірудің маңызы зор екенін айтып өтті. 

Жапырағын жайқалтып үлгерген баудың өсімі жақсы көрінеді. Бүгінгі күннің талабы – кооперативке біріге отырып, мемлекет тарапынан берілетін көптеген жеңілдіктерді пайдалану екенін жете ұғынған Қабылан мырза бұл жұмыста кездесетін қиындықтарды да айтып өтті. Қожалық иесін мұқият тыңдаған аудан басшысы проблемалар бойынша жұмыс жүргізетінін айтты.

Аудан әкімі үй іргелік жылыжай көлемін одан әрі ұлғайтып жатқан Нәдір Қосановтың тірлігіне риза болды. Алғашында 10 сотық жерге жылыжай жасап, көк-сөк еккен Қосановтардың отбасы өнімді өзінен шығарса көл-көсір пайда болатынына көздері жеткен. Сондықтан да биыл тағы да ауласындағы жылыжай көлемін кеңейтіпті. Алдағы уақытта ата мұраға алған жерінен 50 соттық жерге жылыжай жасап, ауылды көгергенмен қамтамасыз етуге тәуекел жасап отырған Нәдір Қосановтың еңбекқорлығы басқаларға үлгі болатын тірлік екенін аудан басшысы атап көрсетті. Және басқа ауылдастарына үлгі етті. Жалпы ауа райы қалыпты, жылы саналатын бұл өңірге жылыжасай салудың пайдасы зор екені байқалады. Сондықтан жергілікті шенеуніктер жылыжай салу ісіне алдағы уақытта көбірек көңіл бөлмек.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522