МҰХАМЕДИҰЛЫ МӘСІМОВ ПЕН ЖАҚСЫБЕКОВТЫҢ "БАСТЫҒЫ" БОЛДЫ
Жақында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өз министрлігіне қарасты бірнеше федерация басшыларын жаңа қызметтерімен құттықтады,-деп жазады «BAQ.kz».
Атап айтсақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековті және ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеттінің Төрағасы Кәрім Мәсімовті құттықтапты.
Жақында ғана жаңа қызметке сайланған басшыларды министр өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында құттықтаған.
"Мен өз əріптестерімді – ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековты Жеңіл атлетика федерациясы президенті болып сайлануымен және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Кәрім Мәсімовты Қазақстан Триатлон федерациясы жетекшілігіне сайлануымен құттықтағым келеді.
Əділбек Рыскелдіұлы! Кəрім Қажымқанұлы! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер салауатты өмір салтын ұстануда жастар үлгі тұтар тұлғасыздар. Спорттың барлық бағыттарында: жасөспірім, бұқаралық жəне жоғары жетістіктер спортында еліміздің көрсеткіштерін бірлесе жақсартатынымызға сенімдімін!" - деп жазған Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Естеріңізде болса, жақында ғана Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әлеуметтік желіде ресми парақшасын жүргізе бастаған болатын. Ал жоғарыда аталған екі федерация да Мұхамедиұлы жетекшілік ететін министрліктің қарамағына кіреді.
Сондай-ақ, бұл үштіктің ортақ хоббилері жүрігу екенін де көріп жүрміз. Олар Елордада өткен "дуатлон" сайысына да қатысқан болатын.
Abai.kz