Ақпараттық-насихаттық топ Түлкібаста
Жергілікті атқарушы органдардың жұмысының ашықтығын, жариялығын, елдегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қатысты мәліметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өңірде көптеген іс-шаралар өтуде. Мәселен солардың бірі Түлкібас ауданында ұйымдастырылды. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша жеткен жетістіктер көрсеткіштерін насихаттау мақсатында құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Түлкібас ауданына келіп, семинар өткізді. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Семинарға облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, лектор, Мархабат Байғұт, аудан әкімдігінің қызметкерлері, ауыл округтері әкімдері, аудандағы ауыл округтерінің, елді мекендердің ақпараттық-насихаттық топтарының мүшелері қатысты.
Семинарда «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша республикада, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында жеткен жетістіктер көрсеткіштері туралы семинардың лекторы, Мархабат Байғұт баяндады. Семинарда М.Байғұт:
-Бірінші кезекте Тәуелсіздік жылдары атқарылатын жұмыстарды насихаттауға жан-жақты жұмылуымыз керек. Осыған орай, насихаттау бойынша аудандық ақпараттық - насихаттық топтар ауыл округтеріне барып, спикерлермен, яғни, әрбір ауыл округіне, елді мекенге, көшеге бекітілген белсенді, абыройлы азаматтармен кездесулер өткізу қажет.
Ауыл округтері әкімдері бекітілген спикерлердің жұмыстарын үйлестіріп, барлық ұйымдастыру шараларын атқарсын, тұрғындарды толық ақпараттандыру қамтамасыз етілсін,- деді.
Жиында түрлі сұрақтар қойылып, тиянақты жауаптар берілді. Семинарды аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектаева қортындылап, семинарға қатысушыларға алғысын білдірді.
Abai.kz