Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 3669 0 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 14:14

Ордабасы көш басында

Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков кәсіпкерлермен кездесіп, осы саладағы түйткілді мәселелерді талқылады. Бұл туралы аудан әкімдігінің ресми сайты ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында "Ашық әкімдік" жобасы аясында хабарлап отыр. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Жалпы, бүгінгі таңға аудан экономикасының дамуындағы шағын және орта бизнестің үлесі 35 % құрайды. Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 млрд. 555 млн. 200 мың теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 109,5 пайызға тұрақтады, облыс көлемінде аудан, қала арасында Ордабасы ауданы көш бастап тұр. Өнеркәсіп саласында жүйе құраушы локомативті жобалар “Ордабасы-нан” ЖШС, “Ордабасы құс”, “Инфрастрой ЛТД”, “Батсу водоканал”, “Агро-V”, “Сейтбек әулеті”, ”Шұбар асыл тұқым кешені”, ”Оңтүстік қыш” және “Строй-юг групп” ЖШС-рі.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 9 айында жалпы құны 7 млрд. 562 млн. теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданды. Оның ішінде субсидиялау желісі бойынша жалпы құны 879,0 млн.теңгеге 3 жоба («Батсу Водоканал» ЖШС, ЖК «Жәнібек Сембек», ЖК «Сейтхан Серікқожа»), инфрақұрылымды дамыту желісі бойынша жалпы құны 6 680 млн.теңгеге 4 жоба («Аква Терм» ЖШС, «MEB Co» ЖШС,«KAZMERBLOCK» «Мерблок» ЖШС, «ФебСтрой» ЖШС), гранттық қаржыландыру бойынша 1 жоба 3,0 млн.теңгеге мақұлданды. Жиын барысында атқарылған тірліктермен қатар, кәсіпкерлікті оңтайландыру жолдары, жоспарлар, ұсыныс-тілектер тыңдалды. Аудан басшысы жеке жұмыс бастаймын деуші әр азаматтың тілегі қараусыз қалмайтынын атап өтті. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417