Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Саясат 13472 2 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 12:41

ТОҚАЕВ ҚАЗАҚША-ҚЫТАЙША ТАМАША СӨЙЛЕП, ТАҢҚАЛДЫРДЫ

фото: kazinform.kz

Қытайда іссапармен жүрген Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қытай тілін жетік білетіндігін көрсетті. Қытайдың халықаралық проблемаларды зерттеу институтында «Өзгеріп жатқан әлемге Қазақстанның көзқарасы» атты тақырыпта лекция оқыған Тоқаев сөз басы мен соңын қытай тілінде баяндаған. Ал, лекцияны қазақ тілінде жасаған. Жиынғы қатысушы қытай мамандарының сұрағына да мүдірмей ханзу тілінде жауап берген Тоқаевтың  білгірлігі қытайлардың өздерін таң тамаша еткен көрінеді.

Осылайша, Сенат төрағасы негізгі баяндамасын қазақша жасап, сұрақтарға қытайша жауап беріп, жиынға қатысқан жұрт таңқалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, бір топ сенатор ҚХР-да ресми іссапармен жүр.

Нұра Матай

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048