Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4701 0 пікір 5 Желтоқсан, 2016 сағат 10:03

СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫМЫЗ - 154 МЛРД ДОЛЛЛАР


Ұлттық банк ақпаратына сенсек, еліміздің сыртқы қарызы 154 млрд $ құрайды. Ұлттық экономика министрлігі мұндағы тек 26,6 млрд $ мемлекеттік дейді, сәйкесінше бұл ЖІӨ-нің 18-20% ғана. Бірақ, еліміздің экономикалық құрылымын ескерсек, бұлай есептеу қате сынды.

Жақсы, сыртқы қарыз біраз елде бар дейік. Ал біз бұл қарызды қайтара аламыз ба деген сұрақ тұр, өйткені сыртқы қарыз деп алынған ақшаның қайда, қалай жұмсалғаны белгісіз. Қанша іздеңіз, мұндай мәліметті табу енді өте өте қиын. Неліктен?! Неге ашық емес?!

Меніңше, кім, қашан, кімнен қанша қарыз алды, оны қайда, қалай, неліктен сол салаға жұмсады деген ақпарат ашық тұруы тиіс, тіпті "сыртқы қарыз.kz" деген сайт ашып, барлық мәліметті салу қажет. Халықтың күнделікті қарап отыруға толық құқығы бар деген ойдамын. 

Мұхтар Тайжан аға қанша іздесем де осы сырттан қарыз алу үшін Үкіметке Парламенттің я қандай да басқа органның келісімі қажет пе жоқ па дегенді таба алмадым, білесіз бе?! Мүмкін, бізге сыртқы қарыз жөнінде арнайы заң қабылдап, мұны бекітіп тастау да қажет шығар, әйтпесе мүлде бақыланбайтын, қадағаланбайтын сала сияқты.

Руслан Желдібай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383