Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3578 0 пікір 5 Желтоқсан, 2016 сағат 00:00

Бауырлас Түркі жұрты наурыз тойын Түркістанда тойламақ

Бауырлас Түркі жұрты киелі Түркістанда бірігеді. Бүкіл Түркі жұрты Наурыз тойын Түркістанда тойлайтын болады. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев мәлім етті. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Түркістан қаласы әкімі Әліпбек Өсербаевтың айтуынша, 2017 жылдың ақпан айында Түркістан қаласында «Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасының ашылу салтанаты өтеді. 2017 жылдың ақпан айында бастау алатын шара жыл соңына дейін түрлі айдарлармен жалғасатын болады.

Сонымен қатар, түркі әлеміне қатысты мерекелік, рухани, мәдени іс-шаралар өтеді. Солардың бірі наурыз айында барша түркі жұртшылығымен бірлескен Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін атауға болады.
Сонымен қатар, «Түркі әлемінің мәдени астанасы»  бағдарламасы аясында түркі тілдес театрлар фестивалі, ТҮРКСОЙ-дың ХХ опералық фестивалі, түркі әлемінің кітап көрмесі мен мәдениет пен өнер универсиадасы және Орта Азия халықтарының қолонер фестивалі сынды көптеген халықаралық дәрежедегі іс-шаралар да бар.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы күллі түркі жұртына ортақ болып табылады.

 

абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383