Алматы мен Мәскеудің арасында жайлылық деңгейі жоғары поезд қатынайды
Астана. 10 қырқүйек. ҚазТАГ – «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы-Мәскеу бағытында жайлылық деңгейі жоғары «Алатау» поездын жолға шығарды, делінген компанияның жұма күні таратқан хабарламасында.
«2010 жылдың 10 қырқүйегінде Алматы-Мәскеу бағытындағы №7/8 жайлылық деңгейі жоғары поезд рейске аттанды. Жолаушылар құрамы отандық кәсіпорындарда күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңартылған вагондардан жасақталды», - делінген хабарламада.
Құрамды дайындау барысында заманауи материалдар мен жаңа технологияларды пайдалану арқылы вагондардың сырты мен ішінің жаңа дизайнын жасауға ерекше назар аударылды, деп атап көрсетеді компанияның баспасөз қызметі. Қораптың сыртын безендіру барысында сары түсті өрнектермен айшықталған аспан түс пайдаланылды.
«Алатау» поезды 3 түрлі вагондардан (СВ, купе және плацкарт), мейрамхана-вагоннан жасақталды. Жыл соңына дейін Алматы-Мәскеу бағытының тағы үш құрамын жаңарту жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
«Алатау» поезы екі қаланың арасындағы 4 мың шақырым қашықтықты 78 сағат 40 минутта жүріп өтеді.

Хабарламада атап көрсетілгендей, 2010 жылдың маусым айынан бастап Астана-Мәскеу бағытындағы №71/72 жайлылық деңгейі жақсартылған «Қазақстан» поезының жаңартылған құрамдары жолға шықты.