Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 7653 0 пікір 30 Қараша, 2016 сағат 12:04

АТОМ ҚАРУЫ СЫНАҒЫНЫҢ ЗАРДАБЫН ҚАЗАҚТАЙ ТАРТҚАН ХАЛЫҚ ЖОҚ

Ядролық қарудан бас тарту қазiргi заманның ең күрделi мәселелерiнiң бiрiне айналып отыр. Ядролық қару жалпы адамзаттың соры десек, ядролық полигондар ХХ ғасырдағы ең ауыр қасiрет болды, - деп жазады "Оңтүстік Қазақстан" басылымы. Әлемде 2025 атом қаруы сынағының зардабын тартқан қазақ халқындай азап шеккен бiрде-бiр ұлт болмағанын айтсақ, соның өзi жеткiлiктi. Аты шулы Семей полигонында 500-ге жуық атом, сутегi бомбалары сыналып, олар күштiлiгi жағынан Хиросима мен Нагасакидегi жарылыстардан 40 мың есеге асып түскен. Сондықтан Елбасы Н.Назарбаев әлемдiк қауымдастыққа жаппай қырып-жоятын қарудан бас тартып, атом қуатын бейбiт мақсатта пайдалануға шақырған үндеу тастады.  

 Осы мақсатқа орай, Президент Жарлығымен 1997 жылы «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом компаниясы» акционерлiк қоғамы құрылды. Аталмыш компания бүгiнде уран, сирек металдар, атом энергетикалық стансалары үшiн ядролық отынның импорт-экспортын жүзеге асыратын ҚР ұлттық операторы болып саналады. «Самұрық-Қазына» АҚ — «Қазатомөнеркәсiптiң» бүгiнгi таңдағы жалғыз акционерi. Елiмiз — 2009 жылдан берi табиғи уран өндiру бойынша әлемдегi көшбасшы мемлекет.

«Қазатомөнеркәсiп» компаниясы тобының құрамына бiр мекемеге қарасты 80 кәсiпорын кiредi, онда 27000-ға жуық адам еңбек етедi. Ұлттық атом компаниясының активтерiне соңғы өнiмдi өндiруге қатысты, яғни геологиялық барлау, уран өндiру, ядролық отын циклы өнiмдерiн (ЯОЦ) өндiруден бастап ғылым, әлеуметтiк қамсыздандыру және кадрларды дайындауға дейiнгi барлық қызмет түрлерi енедi.

«Қазатомөнеркәсiп» уранның бай кен орындарын пайдалануға рұқсат алуы өндiрiстi ондаған жыл бойы өз шикiзатымен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Табиғи уранды өндiру экологиялық қауiпсiз және экономикалық тиiмдi жерасты ұңғыма шаймалау (ЖҰШ) әдiсiмен жүзеге асырылады. Сол арқылы компания шығыны аз технологиялық көшбасшы кәсiпорынға айналды. Ескере кетер жайт, ЖҰШ өндiрiсiнде адамдар компьютер арқылы басқарып отырады.

«Қазатомөнеркәсiп» энергетикалық салада басты халықаралық компаниялармен ұзақ мерзiмдi келiсiмдер бойынша жұмыс iстейдi. Компания өзiнiң тарихында өнiмдi жеткiзуде бiрде-бiр олқылыққа жол бермеген. Ал, бұл уран нарығында бедел мен абыройды жоғалтпаудың ең басты өлшемi болып саналады.

Қайырымдылық және демеушiлiк қызметтер «Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ-ның әлеуметтiк саясаттың маңызды құрамы ретiнде қарастырылады. Компания жыл сайын қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелерiне, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк осал топтары мен аз қамтамасыз етiлген азаматтарға, сонымен қоса жетiм балаларға, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысы ардагерлерiне, зейнеткерлерге, қоғамдық және өзге де ұйымдарға материалдық көмектер көрсетедi. 

Компания демеушiлiк және қайырымдылық жобасына 200 миллионнан астам теңге бөлдi. Көмек әлеуметтiк осал және аз қамтамасыз етiлген азаматтарға көрсетiледi. Қайырымдылық және демеушiлiк көмектер әлеуметтiк сала, спорт, бiлiм, денсаулық сақтау және мәдениеттi дамытуға бағытталған. «Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ 2014 жылы демеушiлiк және қайырымдылық жобасына 200 миллионнан астам теңге жұмсаған.

Бiздiң өңiрде жылына 19,5 мың тонна уран өндiрiледi. Облыста уран кластерiн құру туралы Елбасы тапсырмасына сәйкес, бүгiнде 350 қызметкерден құралған 8 кәсiпорын Оңтүстiк Қазақстан өңiрiне келiп жайғасты. Ұлттық компанияға қарасты кәсiпорындар былтыр жергiлiктi бюджетке 79 млрд. теңге табыс әкелсе, биыл компания есебiнен мемлекет қазынасын 92 млрд. теңгеге толтыру жоспарланып отыр.

2014 жылы облыс әкiмдiгi мен ұлттық компания арасында түзiлген меморандумға сәйкес, құны 1 млрд. 663 млн. теңгенi құраған 12 әлеуметтiк нысан пайдалануға берiлдi.

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036