Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2693 0 пікір 10 Қыркүйек, 2010 сағат 08:40

Аймақтық медиа форум қазақстандық журналистер үшін жыл сайынғы пікірталас алаңына айналады

Алматы. 10  қырқүйек. ҚазТАГ -  20 қырқүйекте Алматыда ашылатын бірінші аймақтық медиа форум Орталық Азия аймағындағы БАҚ-тың маңызды мәселелерін талқылайды және жыл сайынғы пікірталас алаңына айналады, деп мәлім етті форумның ұйымдастырушылары «Голос Республики»газеті, Қазақстан журналистерінің одағы, соғыс пен бейбітшілік репортаждарының институты (IWPR),  «MediaNet» халықаралық журналистика орталығы, сөз бостандығын қорғау жөніндегі «Әділ сөз» халықаралық қоры.

«Бірінші аймақтық медиа форумның ерекшелігі оның қатардағы, әсіресе аймақтық журналистерге, сондай-ақ, жастарға – журналистика факультеттері ен кафедраларының студенттеріне бағытталғандығында. Оған тренингтер және шеберлік сабақтары кіреді, бұдан басқа тренд пен инновациялар бойынша пікірталастар өткізеді. Ұйымдастырушылар мұндай жыл сайынғы алаң отандық медианың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал етеді деп отыр», - деп мәлім етті форумның «Голос Республики» газетінен үйлестірушісі Ирина Медникова бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Қазақстан журналистері одағының басқарма төрағасы Сейтқазы Матаевтың айтуынша, «Қазақстан аймақтарындағы баспасөз бірдей дамып отырған жоқ. Журналистика қарқынды дамып отырған қалалар бар, мысалы Ақтөбе сияқты, ал көрші облыстарда, Ақтау мен Атырауда керісінше, газеттер аз шығады, жеке меншік телеарналар жоқ. Солтүстіктегі жағдайда осыған ұқсас, мұнда Қостанай ерекшеленсе, қасындағы Петропавлда бір де бір жеке меншік телеарна жоқ. Шымкентте баспасөз дамыса, Тараздағы алаң мүлдем бос. Медиа форум осындай жағдайға не себеп болып отырғанын анықтауға көмектесіп, аталған аймақтардағы журналистиканың дамуына серпін береді деп үміттенеміз», - деді ол.

IWPR аймақтық директоры Әділ Жәлелов оны қолдап, Астана мен Алматы қалаларында басылымдар тым көп екенін атап көрсетті. Оның пікірінше, бұл жерде медианарық шамадан тыс толып отыр, енді оның алдағы дамуы журналистика сапасының артуы жолымен болуы тиіс.

Форум бағдарламасында бұл проблемалардан басқа «халықтық журналистиканың», интернет-басылымдардың даму мәселелерін, баспасөздегі жаңа технологиялар, қазақ тілді журналистиканың дамуы, журналистердің құқықтары, БАҚ бәсекелестігі және т.б. мәселелерді талқылау жоспарланған.

Медиа форумға мәжіліс депутаттары, ақпарат министрлігінің шенеуніктері, үкіметтік емес және халықаралық журналистік ұйымдардың өкілдері, шетелдік дипломаттар және журналистер мен қазақстандық ЖОО-лардағы журналистика факультеттерінің студенттері шақырылды. Медиа форумның «БАҚ болашағы журналистердің қолында» деп аталуы тегін емес.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446