Сенбі, 23 Қараша 2024
Өз сөзі 10085 0 пікір 25 Қараша, 2016 сағат 16:30

ДЕПУТАТ КІМ? ХАЛЫҚ КІМ?

Екі-үш шегінде шенді шекпендінің талқылап жатқаны – Астананың атауын өзгерту болды. Елбасының өзі кесімін айтып, ниеттес болған депутаттарға алғысын білдірісе де, талқы таусылмады.

Елордаға Елбасының есімін беру туралы мәселеге пікір білдірген депутат Шаймардан Нұрымов: «Бұл - халықтың қалауы» дейді.

Сөйтіп, депутат пен журналистің екеуара диалогы дем арасында жария болды.

Депутат: Бұл - әр қазақстандықтың қалауы. 

Тілші: Сіз айтып отырған қазақстандықтар деген кім? Нақты... 

Депутат: Мысалы, Мен. 

Тілші: Иә, бір... 

Депутат: Содан кейін Мәжілістегілер, 107 депутат. Олардың фамилиялары жазылған тізім сіздерде бар, иә? Сосын қырықтан астам сенатор. Міне, бұлар да халық қой.

Тілші: 200 адам делік, қалғандары ше? 

Депутат: Нақты сұрақ болды ғой. «Халық деген кім?» деді. Мен айттым: «Мен» деп. Міне, мен осыны қалаймын. Бұл - менің қалауым.

Хош, әуелде әңгімесін «Халықтың қалауы» деп бастаған Шаймардан Нұрымов мырза сөз ақырын осылай түйіндеді.

Депутат үшін дерек ретінде:

Соңғы деректерге сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан халқының саны – 17,5 миллионнан асып жығылады. Оның 10 миллионға жуығы қалалықтар болса, 7 миллионнан астамы ауыл тұрғындары екен. Халық саны жөнінен әлем елдері ішінде 62 орында тұрмыз. Оның 65,2 пайызын қазақ ұлты құрайды.

«Депутат - халықтың қызметшісі» деген сөз бар еді. Депута́т ( лат. deputatus — жіберілген) — азаматтардың таңдауы бойынша билік органына жіберілген адам. Оған қарастырылған жеңілдіктерге парламенттік индемнитет кіреді. Депутатты халық таңдауы тиіс-ті. Ол халықтың көзі, құлағы әм тілі. Біз күллі әлемге «зайырлымыз, демократиялық принциптерге сүйенеміз» дейміз. Демократия – сөзі demos – халық және kratos – билік деген грек сөзінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Халықты билеу емес, халықтың билеуі. Депутат сол үшін сайланады. Бір ауыз сөзбен түйіндесек, «Халықтың қызметшісі» (Слуга народа).

ҚР Конституциясының IV бөлімінде дәл осы Парламенттің қызметі, құзыреті туралы жазылған, кеңірек түсіндірілген. Өкінішке орай бұл жүйе соңғы жылдары қатты өзгеріске ұшыраған. Яғни, депутаттар халықтың қызметшісі емес, халық биліктің қызметшісіне айналған.

Сол Конституцияда айтылғандай – Халық биліктің қайнар көзі. Шаймардан мырзаның да тұспалдап айтпағы осы болса керек. Өзінің өкілетін пайдаланып, жалпақ жұрттың атынан сөйлеу оларға тән құбылыс. Сондықтан сөге жамандамаймыз. Тек халықтың қалауы екенін Шаймардан мырза қалай анықтады? Статистика иә болмаса әлеуметтік сауалнама жүргізілді ме?

Рас, бұл халықтың қалауы болса керек-ті. Жұрт Елбасының есімін қалаға беруге қарсы емес. Оны өздері де айтты. Тек қай қалаға?

Қосымша дерек келтіре кетейік, Астана – Қазақстандық бренд. Мысалы, «Кока-коланы» әлем халқының 94 пайызы біледі. Сол атағы үшін компания жылына 3 миллиард доллар жұмсайды екен. АҚШ бренді. Франциядағы Эйфель мұнарасына жылына 459 миллион доллар жұмсалады. Бұл -  Франция бренді. Астана - Қазақстан бренді. Оған жылына 4 миллиард доллар кетеді. Астанаға 18 жыл болды. Енді қарапайым арифметика, 18-ді 4-ке көбейтеміз. Сонда статикалық есеппен 72 миллиард доллар жұмсалған. Бұл аз ақша ма?

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395