Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2292 0 пікір 14 Қыркүйек, 2010 сағат 06:18

Назарбаев өзінің есімін республикадағы әр түрлі нысандарға беруге қарсы

Aқтөбе. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғысынша өзінің есімін республикадағы әртүрлі нысандарға беруге қарсы. Бұл туралы ол журналистерге Ақтөбе облысына жасаған сапары барысында мәлім етті.

«Мен атымды неге болса да беруге тыйым салғанмын. Егер ол әдетке айналса – ол дұрыс емес. Мен бірінші президент атындағы бақ болсын дедім. Бірақ аты-жөнін көрсетудің қажеті жоқ. Мен өзімнің есімімді Қазақстандағы неге болса да берілуіне қарсымын. Маған оның қажеті жоқ», - деді президент,  Ақтөбедегі орталық баққа тұңғыш президенттің аты берілгені туралы журналистердің сауалына жауап беріп.

Мемлекет басшысы жақында жөндеуден өткен демалыс және мәдениет орталық саябағын аралап көрді. Қалалықтар мен қонақтардың сүйікті демалыс орны болып табылатын саябақ жақында Қазақстанның бірінші президенті атын берді.

Н. Назарбаев Қазақстанның бірінші президенті. Республикада 2000-шы жылы «Қазақстан Республикасының бірінші президенті туралы заң қабылданды», биыл Н. Назарбаевқа «Ұлт көшбасшысы» мәртебесін беретін заң қабылданды.

Ақтөбенің ауданы 42 га болатын орталық саябағы жөндеуден өткен соң айтарлықтай көркейіп, көпжылдық шөптер өсіріліп, қылқан жапырақты және ағаш тұқымдары мен гүлбақтар отырғызылып, түрлі –түсті тастардан жолдар төселді. Мұндай балалар мен егде адамдардың да тынығуына жағдай жасалған, балалар атракционы бар, сондай-ақ спорттың дәстүрлі және экстремалды түрлерімен айналысатын да жерлер бар.

Саябақтың орталығында биіктігі 91 м тутұғыр орнатылған. Тутұғырдың іргетасына Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бедері салынған. Осы тутұғыр арқасында ақтөбеліктер қаланың әр түкпірінен мемлекеттік туды көре алады.

Сайябақтағы қайта жөндеудің сметалық құны Т1025 млн болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489