Сәрсенбі, 28 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3505 0 пікір 13 Наурыз, 2017 сағат 18:58

Астана: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2018 жылдың қаңтарында төраға боламыз

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2018 жылдың қаңтарында төраға болады деп хабарлады Астанада Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов. Мәжілістегі үкімет сағатында сөйлеген Абдрахманов ай сайынғы ротациялық негізде ауысып келіп отыратын төрағалық міндет Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің "шырқау шыңы" болмақ деді.

Қазақстан сыртқы істер министрінің сөзінше, Кеңеске төрағалық ету кезінде Орталық Азия мен Ауғанстанға қатысты қарар, я мәлімдеме қабылдау жоспарланып отыр.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне вето жасауға құқығы бар тұрақты бес ел мүше: АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция, сонымен бірге 10 тұрақты емес мүшесі екі жылға сайланады. Осы айда Кеңеске төрағалық ету Украинадан Ұлыбританияға өтті.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қызметіне 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірісті. 2 наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл толды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2974
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4710