Альберто Контадор, Александр Винокуров және Эдди Меркс Алматы қаласының күніне орайластырылған велошеруге қатысады
Алматы. 15 қыркүйек. ҚазТАГ- «Астана» велокомандасының лидерлері Александр Винокуров пен Альберто Контадор жиырмасыншы ғасырдың үздік велошабандозы атанған 1960-1970жж.аты аңызға айналған Эдди Меркспен бірге Қала күніне және 2011-ші жылғы Азиадаға орай өткізілетін велошеруге қатысу үшін 18-қыркүйекте Алматыда жиналады.
Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында атап өтілгендей, сонымен қатар, веложарысқа Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, «Астана» велокомандасының мүшелері Фернандос Хэсус, Максим Иглинский, «Астана» командасының спорттық директоры Александр Шеффер, Сергей Яковлев, Лапаш Лауренсо, «Астана» командасының баспасөз қызметінің өкілі Винсет Вателей, «Экип» француз спорт басылымының тілшісі Филипп Ледарс, сондай-ақ, барлық ниет білдірген алматылықтар мен қала қонақтары қатысады.
Велошеру 8 сағат 30 мин.Әл-Фараби даңғылы және Достық даңғылының қиылысынан басталады, ары қарай сапар Әл-Фараби даңғылы бойынша батысқа, содан кейін Жароков к-сімен төмен Жандосов к-не дейін Сәтпаев көшесіндегі жолайырықта жалғасады.
Ақпаратқа сәйкес, сапардың ұзындығы 14 шақырымды құрайды.

Велошеру Орталық стадионда аяқталады. Мұнда велошеруге қатысушыларды құттықтау салтанаты және концерттік бағдарлама өтеді.
Шараны ұйымдастырушылар - қала әкімдігі және «Алматы» велоклубы.