ҚР президенті түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Х саммиті шеңберінде түркиялық әріптесімен кездесті
Астана. 16 қырқүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Х саммиті шеңберінде түркиялық әріптесі Абдолла Гүлмен кездесті, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Ақ орда сайтындағы хабарламада атап көрсетілгендей, кездесу барысында мемлекет басшылары саммиттің күн тәртібіндегі мәселелер мен ынтымақтастық жайын қозғады.
Сонымен қатар, Н. Назарбаев Түркия Республикасының премьер-министрі Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Кездесуде экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Саммит кезінде мемлекет басшысы сөз сөйлейді деп жоспарланған. Баспасөз қызметі оның тақырыбын нақтыламаған.
Бұрын хабарланғандай, саммит 15-16 қырқүйекте Ыстамбұлда өтіп жатыр.
Форум барысында түркі тілдес мемлекеттердің басшылары саммитке қатысушы мемлекеттердің арасындағы қатынастардың кең көлемді мәселелері, өзара қызығушылық тудыратын халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасып, Түркі кеңесінің хатшылығын құрып, оның басшылығын бекіту мәселесін қарайды.

Саммиттің күн тәртібіне Түркі кеңесінің қамқорлығымен қызмет ететін консультативті-кеңесуші орган - ақсақалдар кеңесін құру мәселесі енгізіліп отыр. Кеңестің құрамына әр мүше мемлекеттен құрметті өкілдер кіреді деп жоспарланған.
Бұдан басқа, шара шеңберінде тараптар Н. Назарбаевтың бастамасымен биыл мамыр айында Астанада Түркия президенті Абдолла Гүлдің Қазақстанға ресми сапары барысында ашылған Түркі академиясының қызметін талқылайды.
Саммиттің қорытындысы бойынша түркі тілдес мемлекеттер басшыларының декларациясы қабылданады.
Еске сала кетейік, Қазақстан президентінің бастамасымен 2009 жылы қазанда Нахичеванда жаңа халықаралық құрылым – түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжатқа қол қою тілі мен мәдениеті жақын халықтардың бірлігін күшейтуге бағытталған жалпытүркілік аймақтық бірлестік құруға негіз болды.