Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2423 0 пікір 16 Қыркүйек, 2010 сағат 07:04

Павлодар облысында үш адамның өліміне соқтырған ірі орман өрті оқиғасы бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды

Астана. 16 қырқүйек. ҚазТАГ – Павлодар облысында адам өліміне соқтырған «Ертіс орманы» орман резерватындағы өрт оқиғасы бойынша үш қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне облыстық ТЖД және ІІД.

«Қазір сараптама жүргізіліп, ТЖ жөніндегі департамент өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және ерекше қорғалатын аумақтардың режимін бұзу бойынша екі қылмыстық іс қозғады», - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Дина Әбелдинова.

Сонымен қатар, аймақтық ішкі істер департаменті де тексеру жүргізіп жатыр. «10 қырқүйекте Қылмыстық Кодекстің 101 бабының 2 бөлімі бойынша екі және одан да көп адамға абайсызда өлім келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр. Агенттікке облыстық ТЖД мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының бастығы Алексей Киселев хабарлағандай, заң бойынша сараптаманың қорытындысы бір айда дайын болуға тиіс. Ол нәтиже бұдан да ерте белгілі болады деп ойлайды.

«Бәрінің дәлелі болуы үшін сараптама жүргізіліп жатыр. Сараптама бойынша бір ай, одан да ерте болуы мүмкін, өйткені ірі өрт болды», - деді ол ҚазТАГ-қа.

Сондай-ақ, А. Киселев өртке электр желілеріндегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарған  «KEGOC» «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компанияның» мәлімдемесіне қатысты өз пікірін білдірді. «Олай айтуға болмайды, бәрі сараптаманың қорытындысы көрсетеді», - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, өткен аптада Павлодар облысында «Ертiс Орманы» резерватының аумағында шыққан өртпен күрес екі тәулікке жалғасты. 3 мың га-ға жуық ағашты жалын жалмап кетті.

Қаза болғандардың арасында «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының Бесқарағай филиалының 3 қызметкері – Бесқарағай филиалының директоры Е.Байкетаев, тракторшы Н. Самусь және мемлекеттік инспектор Е. Молғаждаров бар. Өрт кезінде 4 адамнан құралған Нұрбаевтар отбасы зардап шекті. Әкесі мен екі баласы оқиға орнынан автокөлікке мініп кетпек болғанда алған күйік жараларынан қаза болды. Олардың анасы кейін ауруханада көз жұмды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443