Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3740 0 пікір 21 Ақпан, 2017 сағат 16:58

И.Григуле: Қырғызстан - ОА-да демократия жолына түскен жалғыз ел

Біз Қырғызстанға аймақта демократия жолына түскен жалғыз ел ретінде қараймыз. Бұл туралы Еуропарламент делегациясының басшысы Ивета Григуле Бішкекте "Еуропалық одақ - Қырғыз Республикасы" парламенттік әріптестігі комитетінің ХII отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, тараптар терроризм, ескірткі саудасымен күрес, шекара, сондай-ақ экономикалық даму мәселелерін талқылады. «Қырғызстан Еуропалық одақтың маңызды әріптесі. ЕО оның демократия жолындағы қадамдарын қолдайды және заң үстемдігіне, адам құқықтарының нығаюына, білім беру жүйесіне қолдау көрсетеді», - деді ол.

"ЕО - ҚР" парламенттік әріптестігі комитетінің тең төрағасы Абдывахап Нұрбаев Қырғызстанның 2014 жылы Еуропаның Парламенттік қауымдастығы кеңесінде "Демократия жөніндегі әріптес" мәртебесіне ие болғанын атап өтті.

Қырғызстан Еуроодаққа экологиялық таза ауыл шаруашылық өнімдерін, тігін бұйымдарын жеткізіп, еуропалық туристерді республикаға тарта алады.

Абай ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 982
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2511
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 687
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 657