Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4065 0 пікір 20 Ақпан, 2017 сағат 10:21

МӘСЕЛЕНІ "КҮШІК КЕЗІНДЕ" ШЕШУ КЕРЕК

90-шы жылдары оқушы кезде ауылда жұрт оразаны қайта ұстай бастады. Түкірік жұтуға бола ма, ұйықтап қалса не болады, сағыз шайнауға бола ма деген сауалдарға әркім әртүрлі жауап беретін. Себебі нақты ақпарат ешкімде болмады.

Қазіргі үкімет пен қоғам арасындағы түсініспеушілктердің бір себебі - дәл сол ақпараттың жоқтығынан да деуге болады. Былтыр жер дауы шыққанда, жер сатылмайтынын, тек жалға беру 25 жылға ұзаратынын кейін түсіндірді. Бірақ жұрт дүрлігіп қалған еді. 

Сарыағаш, Қордайда болған ұлтаралық қақтығыстарда да бастапқыда ресми ақпаратты ешкім бермеді. Сәйкесінше, бос ваакумды уатсап арқылы түрлі өсек-аяң толтырды. Ол наразылықты үдете түсті.

26-шы баптың у-шуы апогейге жете бастағанда ғана Рогов пен сенатор "дұрыс түсінбедіңдер" дегендей жауап берді. Бірақ сенатор кім? Ол 47 сенатордың бірі ғана. Оның даусы шешуші емес. Роговтың функциясы да бақылаушы, абыройын айтпағанда.

Бұл жағынан келгенде, қанша шовик болса да Песков ақпаратты тұрақты жеткізеді. Тіпті актерға қысым жасалса да, трактористер наразылық білдірсе де, білеміз, бақылап отырмыз, шешеміз дегендей жауап береді. Шешіле ме, жоқ па, белгісіз, бірақ Песков айтса, онда Путин проблемадан хабардар деген сигнал халыққа жетеді.

Бізде бір дау шықса, Президент осы туралы біле ме екен деген күмән туады. Әрине, ақпаратты жеткізеді, арнайы қызметтер бар дегендей. Бірақ АП-дан, үкіметтен не басқадан біреу экраннан әу демеген соң, ол проблеманы жергілікті әкімдік қанша тиімді шешіп жатса да, ол халыққа көрінбейді. Содан халық пен үкімет екі бөлек изоляцияда, екі әлемде отыр деген түсінік қалыптасады.

Осы feedback - кері байланыс орнауы үшін СЦК-ны құрды, басында тек премьер, министрлер маңызды мәлімдемелер жасап, статуысын көтерді. Бірақ кейін концерт, төбелес, жиналыс, саяхат жарнамаланды, ешкім танымайтын ғалымдар жолдауға қолдау деп баяндама оқып кетті. Соңында оқушылар пәлен журналист жинап, сол жерде өлең оқитын деңгейге жетті. Енді бір маклер СЦК-да квартираның жарнамасын беру ғана қалды.....

Қысқасы, кез-келген проблема ушыға бастағанда президент өкілі не премьер ол туралы түсіндіріп не қалай шешетін жоспарын бірден жарияласа, біраз конфликтті "күшік кезінде" шешуге болады. Вроде қарапайым нәрсе, бірақ істемейді...

Нұрмұхаммед Байғара

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407