Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5386 0 пікір 16 Ақпан, 2017 сағат 12:27

Батыс тарихи советті мойындамайды

Екінші дүниежүзілік соғыста Совет одағы жеңді дегенді Батыс елдерінің ешқайсы білмейді де, мойындамайды. Фашизмді талқандап жеңіске жеткен ел ретінде Батыс тарихында Ұлыбритания мен АҚШ қана айтылады.

Ал, Германияның одақтасы болған ел ретінде Жапонияның Квантун армиясын Жуковтың әскері шығысқа барып талқандап, Қытай-Манчжурияны азат еткені рас. 

Алайда, сол жеңілген Германия мен Жапония соғыстан кейінгі жылдары қарыштап дамып, бүгінгі күні озық технологиясымен әлемді жаулап алып отыр. Жеңіс туын көтеріп мақтанған біз сол екі «жауымыздың» тұтынушысы болып, артта қалып қойдық. 

Әрине, мұның бәрі адал еңбекті лайықты бағалаған елдің жеткен жетістігі. Ал, біздің елде кеше де бүгінде адамның адал еңбегі әділ бағаланған емес. Совет кезінде жұмыс істейтін адамнан гөрі идеологиялық үгіт-насихат айтатын, қырт бастықтар жыртылып айырылатын. Батыс саясаттанушылары «материалдық байлықты өндіретін бір адамға алты адам басшылық жасайды» деп совет қоғамына күлетін. Қазір де өзгеріп кеткеніміз шамалы. 

Ал, совет одағы дүниежүзілік екінші соғыстан кейін Шығыс Германиядағы зауыт-фабрикаларды тонап әкеліп өндіріс салғанымен қырық жылдан кейін өзі күйреп құрыдымға кетті. Біз кеше осындай ұры, тонаушы, өтірікші мақтаншақ қоғамнан келдік. Отарлықтың сол зұлымдығы мен түрлі індеттерінен әлі толық айыға алмай келеміз. Жапониямен арамыздағы айырмашылығымыз осында болса керек.

Қуандық Шамахай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443