Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3563 0 пікір 13 Ақпан, 2017 сағат 13:31

Германия жаңа президентін тағайындады

12 ақпан күні бұрынғы сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Германияның президенті болып тағайындалды.

Германияның Президентін 630  бундестаг депутаттарынан және 630  федералдық топтың өкілдерінен тұратын  ассамблея (топ) таңдайды. Бірінші кезеңдегі дауыс беруде Штайнмайерге ең азы 631 дауыс жинауы қажет болды. Нәтижесінде оның кандидатурасын 931 адам қолдаған, ал дауыс беруге қатысқандардың саны – 1239 (CNN деректері бойынша 1253).

Штайнмайер әуел бастан басты президенттікке үмкіткерлердің бірі болған. Президент Йоахим Гаук халыққа жасына байланысты (оның жасы 77-де) ары қарай президенттік қызметті атқара алмайтындығын айтқан. Енді Гаук 18 наурыздан бастап өз қызметінен кетеді.

Абай ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669