Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Өз сөзім... 3743 0 пікір 13 Ақпан, 2017 сағат 13:27

БӘРІМІЗ КЕҢЕСТІК ...БІРАҚ ШЕШІМДІ ПАРТКОМ ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстандық демократия – өте қызық құбылыс. Бүгін ғана Конституцияға өзгеріс енгізетін топтың ресми мәлімдемесі жарияланды. Түсінгенім (терминдер мен заңның баптарына толы мәлімдемені заңгерлерге арналған еңбек деуге болады) – 26 бапты өзгертуге келіспейтіндіктерін айтқан жандарға «сендер дұрыс түсінбепсіңдер, әңгіме мынада» деген түсіндіру ғана айтылған.

Менің ойымша, жұмысшы тобының міндеті - халықтың сан түрлі пікірін тыңдау, қаперге алу, егер бір мәселеге екі түрлі көзқарас орын алса – ол мәселені халықтың талқысына салу, т.т. Ал биліктің ой-пиғылын түсіндіру жұмыстары, құдайға шүкір, Конституцияға өзгеріс енгіземіз дегеннен бастап тоқтаусыз жүріп жатыр. Пікірлерін айтамын деген жандарға есік ашық. Бірақ өздерінің ойларымен үйлеспейтін пікір иелеріне ресми мәлімдеме жасау және биліктің бастамасының дұрыс екенін дәлелдеу – ақылға симайтын мәселе.  Ондай боларын білгенде – пікір айтып не жынымыз бар. Кеңес өкіметінің кезінде «бәріміз болып кеңестік, сосын ...партком шешім шығарды» детін саяси астарлы әжуа бар болатын. Бұл зілді мысқылға түсінбейтін жандар; «ақыры шешімді партком шығаратын болса, халықпен кеңесудің қандай қажеті бар» деп таң қалатын. Халықпен кеңесу – демократияның белгісі, ал шешімді парткомның қабылдауы – тоталитаризмнің жазылмаған заңы болатын.

Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы – мемлекеттің ресми орындары үшін күтпеген шешім болатын, сол сияқты, АҚШ-тың президенттік жарысында әпербақандау Трамптың жеңіске жетуін де ешқандай саясаттанушы болжап-білген жоқ. Бұл – халықтың шешімі. Оның дұрыстығы мен бұрыстығын келешек көрсетеді. Содан сабақ алған халық, келесі жолдары таңдау жасауға асқан жауаптылықпен келеді. Ал бүгін бұл - ағылшын халқының не америка халқының таңдауы! АҚШ-тың ресми орындары «Трампты таңдауларың үлкен қателік; оның мынадай кемшіліктері бар» деген мәлімдеме жасаған жоқ.  Сондықтан, құрметті комиссия мүшелері, қарақ ойнамаңдар. 

Дос Көшім

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6204