Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3143 0 пікір 13 Ақпан, 2017 сағат 13:19

Бишімбаев миллиард теңге жымқырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы өкілдері "Бәйтерек ҰБХ" Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевтың Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңге қаражатты жымқырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бәйтерек ҰБХ" Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласында табақ шыны өндіру және қайта өңдеу зауытының құрылысында "Orda Glass" ЖШС және оның мердігер ұйымы "Шымкентхиммонтаж" ЖШС арқылы 1 миллиард теңге жымқыру бойынша қылмыстық жоспар құрған. Қылмыстық жоспарға осы аталған ұйымдардың жетекшілері Д.Ибрашев , Ж.Исабек және М.Кожабаев тартылған", - делінген хабарламада.

Жымқырылған қаражат, ұлттық бюродағылардың айтуынша, "Завод строительных металлоконструкций" ЖШС үлестес компаниясы арқылы тамақтануға және жұмысшылардың жатын орнына деп қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Осы көрсетілген сомадан Қуандық Бишімбаев жеке өзі 2 миллион АҚШ долларын сыйбайласы - інісі С.Нұрлыбектен алған делінеді.

Айта кетейік, Бишімбаевтың ұсталғаны жайлы 2017 жылдың 10 қаңтарында белгілі болған еді. "Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.

Абай ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454