Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 4606 0 пікір 8 Ақпан, 2017 сағат 14:38

АҚЫЛЫ АВТОТҰРАҚ НЕГЕ ТАЗАЛАНБАЙДЫ, БАЙБЕК МЫРЗА?

Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен "Көк базар" маңындағы автотұрақтардың ақылы негізде жұмыс жасай бастағанына біраз болды. Қалалық әкімдік әлемдік стандарттарды алдыға тартып орнатқан осы тұрақтардың қазіргі жағдайы қандай?

Жарты метр қалыңдықтағы күресін қар. Осы қардың үстіне күніне қанша көлік тоқтап, ақша төлейді екен?

Ақылы автотұрақ тазаланбайды екен, тым құрыса жолды күреуге болады ғой. Кешкісін еріген қар мұз болып қатады. Сол мұзға тайғанаған көлік ақылы автотұрақтағы машинаны бүлдірмесіне кім кепіл?

Шындығын айту керек, автотұрақ жүргізушілердің қалтасын қағуды ғана біледі. Ал, жүйелілік, тазалық, көліктердің дұрыс қойылуына ешкім мән беріп жатқан жоқ. 

Келіп тоқтаған машинаның нөмірін суретке түсіріп алатын бірнеше жігіт жүреді. Ол жігіттер таң атпай ақылы автотұрақты тазалап, клиентерге ыңғайлы жағдай жасап беруі керек емес пе?

Жарты метр тау болып үйілген қардың үстіне көлігін қойған клиент не үшін ақша төлеуі қажет? 

Көшенің қары тазаланбағаны үшін бе, Бауыржан Байбек мырза!

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383