Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2415 0 пікір 17 Қыркүйек, 2010 сағат 08:34

«Казахстанская правда» ұжымындағы жағдай басылымның директорлар кеңесінің отырысында қаралады (толықтыру)

Алматы. 17 қырқүйек. ҚазТАГ – «Казахстанская правда» республикалық газетінде қалыптасқан жағдай басылымның директорлар кеңесінің отырысында қаралады, деп хабарлайды АҚ басшылығы.

«Казахстанская правда» РГ» АҚ басшылығы жақында акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің отырысы өтіп, онда ұжымдағы жағдай қаралатынын хабарлайды», - делінген жұма күні ҚазТАГ-қа келген хатта.

Онда айтылғандай, «отырыстың қорытындысы бойынша ақпарат БАҚ-та жарияланады.

«Казахстанская правда» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Байжанов ұжымда қалыптасқан жағдайды «бір жақты деп айтуға болмас» деді. «Кез-келген ұжымда сияқты, әр жақтың өз дұрыстығы мен қателігі бар. Аманжол Абдуллаев – білімді маман және тәжірибелі менеджер, бірақ туралығы мен көнбестігі оның жеке қасиеттері болып табылады», - деді ол ҚазТАГ-қа.

Е.Байжанов түсіндіргендей, А.Абдуллаев басылымға «ҚазМұнайГаздан» шақырылған және «аталған журналистік ұжымның  ерекшелігіне қарамастан, ірі корпоративті құрылымдағы жұмыс әдістерін қолдануға тырысқан шығар». «Сондай-ақ, ол компанияның ұйымдастырушылық құрылымына өзгерістер ұсынып, қызметкерлерді қысқарту бастамасын көтерді, бұл оны әріптестерінің арасында жаман атты етті», - деді ДК төрағасы.

Сонымен қатар, ол журналистердің айыптарын «аса ауыр» деп есептемейтінін айтты. «Сондықтан да мен бұл тұлғааралық қақтығыс дегенге көбірек сенемін. Адамдардың мінездері сәйкес келмеді, амбициялардың теке-тіресі орын алып отыр. Мұндай кез-келген ұжымда болып жатады, бірақ әдетте жұртшылыққа таралмайды», - деді Е.Байжанов.

Ол ұжымдағы қайшылықтарды басып, «қақтығысты ары қарай өршітпеу керек» деп есептейді.

Бұрын хабарланғандай, бейсенбі күні интернет желісінде «Казахстанская правда» журналистерінің байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевке редакциядағы ішкі қақтығысқа араласуын сұрап жазған хаттары жарияланды.

Хатта айтылғандай, АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне А. Абдуллаев тағайындалғаннан кейін ұжымда «өте ауыр психологиялық атмосфера қалыптасты, осыған байланысты біздің басылымға артылған мемлекеттік маңыздағы міндеттерді шешуге мүмкіндіктер азайып барады», «ұжым бұзылды», - делінген хабарламада.

Журналистер А. Абдуллаев «қатал үкімшілікке, субъективизмге негізделген, диалогқа тырысудан жұрдай басқару» жүргізеді, «ұнамағандарды» қудалауға алып, ауыр дау мен ұрыстар тудырады» деп шағымданған.

Олардың айтуынша, АҚ басқарма төрағасы орынбасарының қызметінде «қызмет бабын асыра пайдалану және теріс мақсатта пайдалану» фактілері жеткілікті.

«Казахстанская правда» қызметкерлерінің пікірінше, мұндай жағдай ұжымда наразылық тудырды. Қазіргі уақытта газеттің 66 қызметкерінен кәсіподақ құрылды, дейді журналистер.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420