Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 7739 0 пікір 1 Ақпан, 2017 сағат 12:17

ҚАЗАҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ "ТЕРРОРИСТІК ИДЕЯЛАРДЫ НАСИХАТТАДЫ" ДЕГЕН АЙЫП ТАҚТЫ

Түркия прокуратурасы шекара шетіндегі бірқатар оқу орындары туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды түркиялық «Hurriyet» басылымы.

Ол ұйымдар (оқу орындары) террористік идеяларды насихаттады деген айып тағылған. «Hurriyet» басылымы жасаған тізімдегі 17 ЖОО қатарында Қырғызстандағы «Ататүрік-Алатоо» Халықаралық университеті, Түркіменстандағы Халықаралық «Түркімен-Түрік» университеті мен Қазақстандағы Халықаралық Сүлеймен Демирел Университеті де бар.


Түрік прокуратурасы келтірген деректерге сүйенсек, бұл білім ошақтары Түркияда Заң шеңберінде тыйым салған дін уағыздаушы, ойшыл Фетхуллах Гүленнің «Хизмет» (Қызмет) ұйымымен бірлесіп жұмыс жүргізеді-міс. Ал «Хизмет» ұйымы Түркияда террористік ұйым деп танылған.

Естеріңізге сала кетейік, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Гүлен мен оның жақтастарын 2016 жылғы шілдеде болған әскери төңкерісті ұйымдастырды деп мәлімдеген. Алайда ол кезде төңкеріс жоспарының күлпаршасы шығып, Гүленмен байланысы бар деген 60 мыңға жуық қызметкер тұтқындалған. Тағы 10 мыңнан астамы қызметтерінен қуылған.

Ал одан сәл ертеректе Режеп Тайып Ердоған бірқатар елдерге арнайы барып, бармағанына хат жолдап, әлгі атышулы Фетхуллах Гүленмен қатысы бар білім ошақтарын жабуды сұраған. Түрік Президентінің айтуынша, бұл оқу орындары Гүлен жетекшілік ететін  «Хизмет» қозғалысы қаржыландырылып отыр.

Ол нұсқап отырған мектептер 1990 жылдан бастап Орталық Азия елдерінде ашыла бастаған түрік лицейлері. Бұл білім ошақтарының шәкірттері Республикалық әм Халықаралық білім олимпиадаларында ел намысын абыроймен қорғап жүр.

Айта кетейік, ОА елдері ішінде ең көп түрік лицейі Өзбекстанда ашылған (65 лицей). 2000 жылы өзбек оппозиционері Мұхаммед Салихты депортацияламай қойған Түркия билігімен арасы суыған Өзбекстан Үкіметі түрік лицейлерін жауып тастаған.

Түркіменстанда 14 лицей болған. 2011 жылы «Нұршылар» дейтін діни әм саяси қозғалыс ықпалының күшейуінен кейін түрік лицейлерін жаба бастаған. Қазіргі таңда Қырғызстанда 22 білім ошағы болса, Қазақстанда оларыдң саны 30-ға жуықтайды.

Аударған Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300