Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3109 0 пікір 20 Қыркүйек, 2010 сағат 05:26

Жанұзақ ӘКІМ: МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫ ҮШІН ең маңыздысы – мемлекеттік тілі

Ұлы қыпшақ Иштван Қоңыр Мандокидің рухына

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын (Бағдарлама, не Жоба) саралаған кезде осы саланың болашағы туралы көптеген мәселелер қамтылғанын көреміз. Бірақ, бұл Жобаның осы нұсқасы мемлекеттік тілді меңгеруді тағы он жылға шегерткен, «не есек өлер, не арба сынардың» бір сыңары сияқты әсер қалдырады.
Бұрынғы бағдарлама бойынша биыл мемлекеттік мекемелердің барлығы ісқағаз жүргізуді қазақ тіліне көшіп болу керек еді. Осы жоспар толығымен орындалмады. Мемлекеттік тілдің қоғамның барлық салаларына тарау қарқынын сақтау үшін қабылданатын жаңа Бағдарлама бұрынғы бағдарламаны қоғамның барлық салаларына тереңдетіп енгізетін, оның жалғасы болуы қажет. Яғни бұрын қабылданған тіл туралы заң аяғына дейін орындалып, жаңа қабылданатын Бағдарлама оны қоғамға жүйелі енгізетін болғанда ғана бұл іс қоғамға түсінікті болады. Ондай істі елдегі барлық ұлттардың өкілдері мойындайды және қолдайды. Ал, егер бұрынғы бағдарламаны ұмытып жаңаға кірісу– ол жарты қабырғасы тұрғызылған үйді орта жолда шала тастап, жаңадан үй салуға кірісу олақтың тірлігі болып табылады.

 

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ
БАЛАМАСЫЗ НЕГІЗІ

Ұлы қыпшақ Иштван Қоңыр Мандокидің рухына

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын (Бағдарлама, не Жоба) саралаған кезде осы саланың болашағы туралы көптеген мәселелер қамтылғанын көреміз. Бірақ, бұл Жобаның осы нұсқасы мемлекеттік тілді меңгеруді тағы он жылға шегерткен, «не есек өлер, не арба сынардың» бір сыңары сияқты әсер қалдырады.
Бұрынғы бағдарлама бойынша биыл мемлекеттік мекемелердің барлығы ісқағаз жүргізуді қазақ тіліне көшіп болу керек еді. Осы жоспар толығымен орындалмады. Мемлекеттік тілдің қоғамның барлық салаларына тарау қарқынын сақтау үшін қабылданатын жаңа Бағдарлама бұрынғы бағдарламаны қоғамның барлық салаларына тереңдетіп енгізетін, оның жалғасы болуы қажет. Яғни бұрын қабылданған тіл туралы заң аяғына дейін орындалып, жаңа қабылданатын Бағдарлама оны қоғамға жүйелі енгізетін болғанда ғана бұл іс қоғамға түсінікті болады. Ондай істі елдегі барлық ұлттардың өкілдері мойындайды және қолдайды. Ал, егер бұрынғы бағдарламаны ұмытып жаңаға кірісу– ол жарты қабырғасы тұрғызылған үйді орта жолда шала тастап, жаңадан үй салуға кірісу олақтың тірлігі болып табылады.

 

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ
БАЛАМАСЫЗ НЕГІЗІ

Мемлекеттің дамуы үшін қоғамдағы мораль, дін, өнер, философия, экономика, әлеуметтік сала т.б. барлығынан да маңыздысы оның тілі екенін батыс ғалымдары ХІХ ғасырда дәлелдеді. Сондықтан, мемлекеттік тілдің осы уақытқа дейін көсегесінің көгермеуі – ол тәуелсіз елдің дамуына кедергі болып тұрған ең күрделі мәселеге айналуда. Дербес мемлекет бола тұрып басқа тілде сөйлеудің қоғам үшін кері әсері – ол экономиканы өз қаржымызбен дамытудың орнына шеттен белшеге батқан қарыз алып, оларға тәуелді болудан да жаман. Осыдан екі ғасыр бұрын дәлелденіп, өркениетті елдерің барлығы мойындаған осы аксиомаға біздің қоғамда әлі күнге атүсті қарауы уақыт сынына шыдамай күйреген тоталитарлық жүйе кезіндегі тілге, жалпы ұлттық мәдениетке деген теріс үрдістен ресми билік пен орыстілді зиялылардың арыла алмай келуінен.
Жаңа принциптерге негізделген мәңгі жасайтын өркениетті мемлекет құру үшін күйреген империяның кезіндегі саяси этикеттен түгелдей арылып, заманауи ұлттық идея (мемлекеттің өз тілі, діні, тарихы, мәдениеті, қоғамның мақсат-мұраты …), ұлттық дәстүр мен жаңа мораль негізінде тәрбиеленген жас ұрпақты қоғамның шешуші күшіне айналдыру арқылы жетуге болады. Бұл жерде ұлттық тәрбие алдыңғы орынға шығады. Тәрбиенің негізі ол ұлттың тілі, дәстүрі, тарихы … мәдениеті. Ағылшындар, «бала тәрбиесі ол дүниеге келгеннен жүз жыл бұрын басталады»-десе, шығыс даналығы, «балаға қандай тәрбие беріп жатқанынан жүз ұрпақтан кейін ұлттың қандай болатынын айтуға болады», дейді. Бұл дегеніңіз – дәстүрі, тілі, мәдениеті, діні, тарихы берік қалыптасқан халықтың тәрбиесі мықты, болашағы зор деген сөз.
Сондықтан ұлттық тәрбие – ол баламасы жоқ, ел стратегиясының негізі болып табылады. Осындай тәрбие мен білім ұштасқанда қоғамды дамыта алатын ұрпақ өсіп шығады. Білім жүйесі әртүрлі болғанымен тәрбие тек ана тіліне негізделген, ұлттық ғана болады. Ана тілдің қоғамдағы барлық салалардан маңыздылығы осыдан туындайды.

 

ТӘУЕЛСІЗДІК НЕГІЗІ –
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕУ

Қазақ тілі елдің мемлекеттік тілі болумен қатар, әлемдегі қазақтарды біріктіретін құдіретті күш. 1937 жылдардағы сергелдең кезде Мағжан Жұмабаев:

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!-

деп, тарихтың ең күрделі, тар жол тайғақ кешу кезінде басқа үміттің барлығы үзілген кезде Ана тіліне ғана сенген. Себебі, мың өліп, мың тірілген қазақты әрқашан тірілтіп, оның ұлт ретінде сақталып, тарихтағы тағдырын шешетін және мәңгі жасауын қамтамасыз ететін құдіретті күш оның Ана тілі.
Сондықтан, ұлт пен елді біріктіріп, мемлекеттің төрт құбыласын түгендеу, мемлекеттік тілден басталады. Сонда ел тәуелсіздікті жан жүрекпен түсіне алады және ондағы барлық ұлт пен ұлыс тоталитарлық психологиядан арылып өздерін еркін елдің азаматтарындай сезінеді. Себебі, еркіндік, тәуелсіздік деген сөздің негізі ана тілде сөйлеп, ата дәстүрді дамытуда жатыр. А.Пушкиннің, «…тілге сеніңдер, барлық құдірет сонда» дейтіні де осыдан болар.
«Алдымен СӨЗ, содан кейін АДАМ пайда болды» дейді ең көне қасиетті кітаптарда. Сөз, немесе тіл – ол адам пайда болуының алғышарты. Сондықтан да қазақта «Ана тілі немесе Ананың тілі» дейді. Кезкелген халық пен ұлттың қалыптасуында және солардың негізінде құрылған ұлттық мемлекеттің дамуында оның тілі негізгі рөл атқарады. Қазақта, «өнер алды қызыл тіл» дейді. Яғни тіл – ол өнер, әдебиет т.б. басы. Ана тілге, яғни мемлекеттік тілге осы тұрғыдан келгенде ғана біз оның құдіретін түсіне аламыз.
Егер тәуелсіз елдің көсегесін көгертеміз десек – онда алдымен мемлекеттік тілге сеніп, оны осы мемлекеттің тұғыры деп тану керек және оны қоғамның барлық салаларына енгізу механизмін жасап, оны іске асыру қажет. Сол кезде ғана бұл Бағдарлама қоғам дамуына қызмет етеді. Өкінішке орай, Бағдарламаның жобасында «Қазақстан халқы», «Тілдің үш тұғырлылығы» т.б. сияқты тіл мен этнологияның ғылыми негізі, оның ұлт тағдыры мен мемлекет дамуындағы рөлін түсінбей, мемлекеттік тілді саяси сауданың құралына айналдыруға талпынғандардың әрекеттерін дәріптейтін, осы құжаттың ұстанымдарына қайшы жерлері де жеткілікті. Сонымен қатар, мысалы Парижде жүріп французша, немесе Ташкенде өзбекше сөйлемеген адамның болашағының жоқ екені белгілі. Ал, Бағдарламада мемлекеттік тілді меңгеруді елдегі барлық азаматтарға сол елдердегідей міндеттеудің орнына жалаң саяси ұрандар басым. Нақты ұстанымдар мен принциптерге негізделіп, жүйелі механизммен іске асатын Бағдарламаның ғана болашағы бар..

 

САЯСИ ЭТИКЕТТІҢ ҚАУІПТІЛІГІ –
онда сатушы да, сатып алушы да алданады…

Орыс тілі мәселесіне келетін болсақ – ол тілдің Қазақстандағы жағдайы славян республикаларынан да артық деуге болады. Болашақта да ол белгілі рөл атқармақ. Бірақ, осы тіл туралы Бағдарламада оған деген шынайы қажеттіліктен гөрі бұрынғы империяның шоқпарын ұмыта алмағандардың тірлігіне ұқсайтын саяси этикет басымырақ. Саяси этикеттің қауіптілігі – онда сатушы да, сатып алушы да алданады. Жалпы түсіне білгенге орыс тілінің мүддесін қорғайтан Ресей мемлекеті бар. Енді оған қосымша тіркесудің қанша қажеттілігі бар екен? Мемлекет тарапынан орыс тілі мәселесінің басқа диаспоралардың тілдерімен бірдей деңгейде болуы, «ала қойды бөле қырықпайтын» әділетті шешім болады.
Бізде, Мәскеу мемлекеттік университетінен бастап, Ресейдің бірнеше университетінің филиалдары жұмыс істейді. Бұл Бағдарламаға Ресейде 80-ші жылдары жабылған 700-дей қазақ мектептерін қайта ашып, қазақтар шоғырланған Орынбор, Омбы, Астархан қалалары мен Мәскеуде Ұлттық универститеттердің, немесе КБТУ, Назарбаев университеттерінің филиалдарын ашуды енгізу қажет. Сонымен қатар, осындай шараларды Қытай мен Өзбекстан да іске асырып, осыларға қоса Түркия, Еуропадағы т.б. елдердегі елшіліктер жанынан қазақтың тарихы, дәстүрі, мәдениетімен жақын танысып, ана тілін үйрететін тегін курстар мен бастауыш мектептер ашуды Бағдарламаға енгізіп, іске асыру керек.
Қазақстанның ішкі-сыртқы саясаттарын¬дағы мемлекет мүдделерінің негізі мемлекеттік тілден басталғанда ғана ол әрқашан ұтып отырады. Сондықтан, қабылданатын Бағдарлама осындай принциптерге негізделіп, қазақтар шоғырланған жерлерде және шеттегі қандастарымыздың барлығын қамтып жүргізілетін нақты шаралар көрсетілуі қажет.
Бағдарламаға Ресейдің шетелдегі этникалық орыс ұлтының өкілдерін қолдау саясатының тәжірибелері енбей қалған.

 

ҚАЙ ТІЛДІ ДЕ БОЛСА ҮЙРЕНУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕН ТУЫНДАЙДЫ…

Жалпы қай тілді де болса үйрену қажеттіліктен туындайды. Қазақ тілін үйрену алдымен Тәңір қазақ қылып жаратқасын, одан кейін Қазақстанның азаматы болғасын қажет. Қазақстанның қазіргі жағдайында ғылым, техника, технологияны дамыту үшін ағылшын тілін терең меңгеру қажет. Әлемдегі ғылыми-техикалық терминдердің 80-85 пайызы ағылшын (орыс тілінде 1-1,5%) тілінде, медициналық терминдердің 90%-дан астамы латын тілінде болғандықтан біз түпнұсқамен жұмыс істеуді немесе ана тілдің байлығын пайдалануды үйренуіміз қажет. Nature, Scantifiс American т.б. ғылыми құнды басылымдар қазақшаға тез аударылып қоғам игілігіне айналуы керек.
Біздегі орыс-кеңестік оқу жүйесіне негізделген бала бақша, орта мектептер мен университеттердегі білім мен ана тілден безген тәрбиенің бүгінгі деңгейімен қоғамда ғылыми-техникалық ілгерілеу болмайтыны белгілі. Ол, осы білім жүйесі мен тәрбиенің заман талабына сай еместігін көрсетеді. Сондықтан, заман талабына сай қоғам құру – сол талапқа сай ұрпақ өсіріп, білім мен ғылымды дамытуды талап етеді. Осы тұрғыдан келгенде Бағдарламаның жобасында ағылшын тілі мен қазақ тілдері арасындағы байланыс пен ағылшын тілін терең үйренуге белгілі деңгейде көңіл бөлінуі керек.
Ұлы туындылардағы тіл байлықтарын салыстығанда У.Шекспир шығармаларында 16800 сөз, М.Әуезовте – 18600, Л.Толстойда 20 мыңдай сөз бар екені анықталған. Қазақ тілінің байлығы әлемдегі ең бай тілдердің қай-қайсысымен де тең тұрады.

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙ АЛМАУДЫҢ ӨЗІ –
БАҚЫТСЫЗДЫҚТЫҢ БІР ТҮРІ.

Қазақ тілі түркі тілінің қыпшақ тобына жатады. Құрылымына қарай ол агглютинацияға ұшырайтын және әмбебап (универсальный) тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің де, араб тілі сияқты универсалды тіл екенін Радлов, Меллиоранский, Аманжолов т.б. белгілі мамандар дәлелдеген. Кезінде араб тілі аз ғана көшпенді бедеуиндердің тілі болды. Бірақ қысқа уақыт ішінде араб әліпбиін шығарып, қасиетті Құранның тіліне айналды да, әлемнің жартысына тарады. Арабтың белгілі ақыны қыпшақ-мәмлүктер туралы:


Көзі менен кірпігіне түркілердің қарашы,
Таңдандырған, тамсандырған
сиқыршыға санашы.
Түркілердің бар сиқыры -
көзінде емес сөзінде,
Намаз оқып тұрғандай ғой жыр
жазатын кезінде, -

деп қыпшақ (қазақ) тілінің ғажайып гармониясының сұлулығына таң қалса, Радлов, «Қазақтар өзге халықтардан айырықша сөз мәнерлілігі, ғажайып шешендігі, тапқырлығымен дараланып көзге түседі. Олар мүдірмей, кідірмей ерекше екпінмен сөйлейді. Өзінің ойын дәл және айқын ұғындыра отырып, өз сөзін мәнерлеп бере алады. Тіпті ауызекі сөйлесіп отырғанның өзінде оның сөйлемі мен шумақтары ұйқасып, үйлесіп кететіндігі соншама, нағыз өлең екен деп қаласың» дейді. Осындай тамаша тілде сөйлей алмаудың өзі бақытсыздықтың бір түрі. Егер бүгінде IQ-ді қазақ тілінде жүргізетін болса, онда «қазақ болып жазылмаймын» дейтін қисықауыздар мен мемлекеттік тілге қарсы болған депутаттардың хадистерде айтылатын есектің артын жууға да жарамай қалатыны белгілі. Ал, қазаққа жұмақ ананың табаны мен ана тілінде сөйлеуде екенін түсінетін кез келді. Себебі, ана тілін аяқасты еткен елдің тарихтың табанының астында қалатыны белгілі.
Сонымен қатар, Жобада мемлекеттік тілді қолдану ортасын қалыптастыру механизмі, яғни ондағы ата-ана мен барлық азаматтардың, бала-бақша, мектеп … елшіліктер, елдегі барлық компаниялар (шетелдік компаниялар да) мен мекемелердің мақсат-міндеттерін жалпылама түрде емес, нақтылап беріп міндеттеу қажет.
Тіл - ол ғылым, адамдар арасындағы байланыс құралы, ұлттың жаны. Тілді ғылым ретінде тек сол саланың мамандары ғана түсінеді. Шенеуніктер оны терең түсінбейді және түсінуі де міндет болмас. Жобада, оны іске асыратын министрліктер тізімі берілгенмен, оны зерттейтін, игеру методикалары мен сөздіктерді дайындайтын университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары көрсетілмеген. Сонымен қатар, осы мәселені үйлестіретін нақты мекеме де белгісіз. Мысалы, Францияда өткен ғасырдың 60-шы жылдары қазіргі біздегідей мәселені шешу үшін Тіл Академиясын құрды. Қазір бұл Академия Лувр, Эйфель мұнарасымен қатар аталатын кереметтің біріне айналды. Тілдердің айналасындағы барлық мәселені терең зерттеп үйлестіру үшін бізге де Тіл Академиясын ашу қажет.

 

Негізгі мақсаты елдегі адам капиталын дамыту болып табылатын Халықаралық адам институты осы Бағдарлама аясында қазақ тіліндегі жарияланбай, ауызекі қолданыста жүрген сөздер, жергілікті диалектілер, күнделікті қолданыстан шыққан көне сөздер, жаңа сөздер т.б. барлық сөздерді жинауға кірісті. Осы іс бойынша ұсыныс беремін деушілер haikz@mail.ru поштасы мен + (727) 2931588 тел./факс, +7015220404 ұялы телефондарына хабарласуға болады. Авторлардың барлық құқықтары сақталады

“Жас қазақ үні” газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407