Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 9778 0 пікір 16 Қаңтар, 2017 сағат 10:12

Cерік Дәулетов. АЛШЫН ЖӘНЕ АЛАШ СӨЗДЕРІНІҢ ШЫҒУ ТЕГІ (жалғасы)

Жалғасы. Өткен бөлімдерін төмендегі сілтемелерден оқи аласыздар: 

http://abai.kz/post/view?id=11229

http://abai.kz/post/view?id=11255

http://abai.kz/post/view?id=11495 

http://abai.kz/post/view?id=11536

Алшын атауының түп-төркінініздеyмен алшынды «алаша», «ала+ат+шын», «лашын» т.с.с. қазақ сөздеріне тірейтін әуесқойларды былай қойғанда, саясаттанушылар да, мүйізі қарағайдайтарихшы ғалымдар да айналысуда.

Қауымдастылық генетикамен машықтанып жүрген PhD, саясаттанушы Жақсылық Сәбитов «Согласно Рашид ад-Дину, алшины - это другое название алчи-татар, которые занимали в Золотой Орде статусные позиции».[1]деп Рашид әд-Динге айтпағанын айтқызып, алшындарды татарлардан тарқатып жіберді.

Ал тарих ғылымының докторы, профессор Т. О. Омарбеков түркіттердің мемлекетін құрған Ашина туралы аңыз бен Сарыүйсіннің баласы Қалша Қадыр туралы аңыздың арасындағы ұқсастықтарды саралап, түркіттердің ашын (ашина) руының аты алшын атауына сатылап өзгерген дей тұра,былай дейді:«Кейінгі қазақ Кіші жүзінің түп аталарының ежелгі Алтай-Саян өңірінде Алақшындармен аралас-құралас болып көшіп-қонып жүргендерін біз теріске шығармаймыз... Әсіресе біз үшін алакчиндерді, боманы Кіші жүздегітайпалардың жинақы аты алшынмен туыстастыру аса маңызды». [2]

Г. Грумм-Гржимайло «Западная Монголия и Урянхайский край» деген еңбегінде ХV ғасырда  Шыңғысханның Жошы-Шайбан тармағынан тараған Әбілхайыр ханның ұлысына  біріккен рулардың атын алачин деп атайды.[3] Бұл ғалым осы еңбегінің 415 бетінде татарлардың  алшы-татар деген руын «аньци-татар» деп жазған.

Орыстың екінші бір ғалымы В. В. Радлов 1869 жылы Сібірге барған экспедициясында Кузнецк Алатауының таулы ормандарындағы алты болыс бұратана халықтардың ішінде 296 ер, 322 әйел адамнан тұратын ачын деген ел бар екенін айтады. [4]

«По реке Чулым и западнее до р. Томи, в районах, включающих в себя вышеуказанные р. Берш, оз. Берчи-куль, Буришские скалы, р. Алчедат,- проживает тюркское племя Кызыл, в составе которого имеются роды большой ачин и малый ачин; отсюда получил название и город Ачинск…Если в слове «Алчедат» выбросить окончание множественного числа «т», получится «Алчед», что также близко к нашему «алшын»- дейді Мұхамеджан Тынышпаев.[5]

Ал Шәкәрім қажы «Бұрынғы кезде Алақшын деген ел болған, қытайша Пома дейді. Енисейде жүрген қырғызбен нәсілдес. Алшын содан шыққан болар» деп ұйғарған.

Алшын сөзі қайдан шыққанын табу үшін ол сөздің нені білдіретінін анықтау керек. Бір қарағанда «алшын» сөзі қазақ сөзі сияқты, бірақ олай емес. Қазақ тілінде ондай сөздер баршылық, оны біз күнде қолданамыз, бірақ этимологиясын қазбаламаймыз. Мысалы ыдыс-аяқ, бала-шаға, абысын-ажынсияқты қос сөздердегі «аяқ» деген не? Дене мүшесі аяқтың ыдысқа қандай қатысы бар? Бала-шағадағы «шаға» деген не? Қазақ тілінде «қызыл шақа», «шақалақ» деген сөздер бар, олардың балаға қандай қатысы бар, т с.с.

Бұл сөздер моңғол тілінен келген сөздер. Ыдыс-аяқтағы «аяқ» моңғолшадан аударғанда ыдысты білдіреді. Бала-шағадағы «шаға» баланы білдіреді, ал «ажын» абысын деген сөз.

Жошыға ілесіп ДештіҚыпшаққа келген Алшындар(Саят-үрәңқайлар)13 ғасырда моңғол тілінде сөйледі. Оның дәлелі ретінде алшындар көбірек тұратын Қазақстанның батыс өңіріндеқазір де қолданылатын моңғол сөздерін келтіруге болады,мысалы, «нән»(тым, өте, әбден), «ежіге»(қызылірімшік),«малақай» (тымақ,құлақшын),«биялай»(қолғап), «мана» (әлгінде)[6]т.с.с.Бір қызығы,«биялай» сөзін батысқазақстандықтар жалпы қолғап ретінде қолданса, қазақ саятшылары үшін бұл сөз қыран құсты қолына қондырарда киетін арнайы былғары қолғапты білдіреді.  «Бала белде, әйел жолда» дейтін дәуірде, Алтай-Саяннан келген алшындардың   Дешті Қыпшақ қыздарына үйленіп, олардан туған балалардың,  немесе одан кейінгі ұрпақтардың тілі біртіндеп олардың ана тіліне=қыпшақ тіліне ауысқаны заңды құбылыс.

Алшын сөзі моңғолдың «АЛЫҺШЫН»- АҢШЫ[7] деген сөзінен шыққан. Аңшы моңғол тілінде «аншын»[8] деп те, «алыһшы»[9] деп те айтыла береді.

«Алаш» ұранын алшындар Алтайдан алып келді, XIV ғасырда ол әлі жалпықазақтық ұран болған жоқ, ол сөздің мағынасы моңғолшадан аударғанда «өлтіруші» дегенді білдіреді  дейді Мұхамеджан Тынышпаев [10]

Расында да,Бұқатұлы Базылханның «Моңғол-қазақ сөздігінен» «алаш» сөзінің екінші мағынасы «өлтіргіш, қырғыш» екенін көруге болады.Алайда «алаш» сөзінің бірінші мағынасы-«аңшы»:

АЛААЧ1. аңшы;    2. өлтіргіш, қырғыш.[11]

Кәсібі аңшы Алшындардың ұраны да «Алаш»(аңшы) болуы - заңдылық.

Сонымен,

АЛШЫН=АЛЫҺШЫН= АНШЫН=АЛШЫ= АЛАШ= АҢШЫ!

Алшы-татар*= аньци-татар= аңшы-татар

*Алшы-татар жөнінде қысқаша түсініктеме. Рашид әд-Диннің айтуы бойынша татарлар алтыға бөлінеді: тұтықұлиуыт-татар, алшы-татар, шаған-татар, құйын-татар, терат-татар, барқұй-татар. Татарлардың аңшылықты кәсіп қылған тайпасы алшы-татар деп аталған, олардың алшындарға еш қатысы жоқ. Батудың тұсында басшы болған алшы-татар Ит-қараның есімі де аң-құсқа байланысты –-моңғолшадан аударғанда «ұзақ қарға» деген сөз.

 

АЛШЫНДАР 1207 ЖЫЛДАН КЕЙІН 

Алшындар («Орман елі») жоғарыда «Моңғолдардың құпия шежіресінен»  келтірілген үзіндіде айтылғандай, 1207 қоян жылы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының қол астына өтті.

«Шыңғыс қаған жарлық етіп анаға, ұлдарға,інілерге ел бөліп берейін деп өзінің ұлыс жинап қиналғандар

анам еді ғой,

ұлдарымның ағасы Жошы еді ғой,

інілерімнің кенжесі Отчығын еді ғой

деп шешесіне Отчығынның үлесі түмен ел берді. Шешесі азсынып үн қатпады.

Жошыға тоғыз мыңдық ел берді.

         Шағатайға сегіз мыңдық ел берді.

Өгедейге бес мыңдық ел берді.

         Тұлұйға бес мыңдық ел берді.

Қасарға төрт мыңдық ел берді.

Алчытайға екі мыңдық ел берді.

Белгүтейге бір мыңдық ел берді».[12]

Сонымен, Алшындардың (саят-үрәңқайлардың) бұдан былайғы тағдыр-талайы Жошы ханның және оның қолбасшылары мен ізбасарларының іс-қимылына тығыз байланысты болды.

1211 жылы Жошы бауырлары Шағатай, Үгедеймен бірге Ұлы Қытай қорғанының солтүстігіндегі Шаньси провинциясын жаулауға қатысты. 

1216 жылы Жошы Сүбетеймен бірге Дешті Қыпшақ жаққа қарай терең рейд жасап, алдыңғы жылдары Шыңғыс ханнан жеңіліс тауып, қашып жүрген меркіттердің қалдықтарын Ырғыз өзенінің бойында талқандағаны, сол маңда 60 мыңдық  хорезмшах Мұхамедтің әскерімен кездесіп қалып ымырт жабылғанша соғысқаны тарихтан белгілі. Бәлкім осы шайқастарда саят-үрәңқайлар алғаш рет Алшын туының астына бірігіп, өздерінің руласы, әріқолбасшысы Сүбетейдің соңынан «алаш» деп ұрандатып жауға шапқан болар...

1219 жылы Орта Азия жорығы басталды. Жошы әкесінің тапсырмасымен Сыр бойындағы Сығнақ, Баршынкент, Жент қалаларын бағындырды.

1645-1663 жылдары Хиуаны билеген Әбілғазы Баһадүр ханның шежіресі осы және осыдан кейінгі оқиғаларды қысқаша баяндайды.

«Когда Чингиз-хан пошел [войною] на Иран и Туран, государем этих стран был Султан Мухаммед-хорезмшах. Столицей его был Ургенч. Не будучи в состоянии сразиться с Чингис-ханом, он бежал и направился в Мазендеран. Чингис-хан захватив Бухару, Самарканд и Ташкент, послал на Ирак, Гилян, Мазендеран, Азербайджан и Гюрджестан (Грузия) тридцать тысяч человек во главе с двумя своими беками по имени Джебе-нойон и Субетай-бахадур. Своего младшего сына Тули-хана он послал на Хорасан с пятидесятью тысяч человек. Своего старшего сына Джучи-хана, своего второго сына Чагатай-хана, своего третьего сына Угедей-хана, всех троих с восемьюдесятью тысячами человек он послал на Ургенч, потому что он был столицей Султана Мухаммеда-хорезмшаха и местом, где жили нукеры и [хранилась] казна. [В то время] в Ургенче хорезмшаха не было.Султаны (сыновья хорезмшаха), укрывшись в городе из-за мирских благ и ради своей веры, восемь месяцев сражались [с моголами]. На девятый месяц сыновья Чингис-хана взяли город и предали жителей поголовному избиению.Чагатай и Угедей повернули и направились к своему отцу в Термез, а Джучи с приданными ему нукерами из Ургенча пошел в Дешт-и кыпчак. Кыпчакский народ собрался. И произошла битва. Джучи хан победил и перебил [всех] попавших [ему] в руки кыпчаков;те из них, которые спаслись, ушли к иштякам…Кыпчаки обитавшие между Итилем и Тином, рассеялись на [все] четыре стороны… Джучи хан взяв в плен [всю]кыпчакскую молодежь, поселился в кыпчакском юрте. Из могольской [страны] он переселил сюда свою семью и все или, которые дал [ему] отец... Затем Джучи-хан умер; [его]юрт достался его сыну Саин-хану. Двадцать четыре человека из потомков Джучи-хана царствовали в этом юрте. В его [Cаин-хана] время этот юрт называли Саин-хановым юртом. Потом этот юрт досталсяМангытам. Первым из них был Идукибий, из рода Ак-Мангыт, сын Кутлы-Кайалы. После этого [юрт этот] называли Мангытовым юртом».[13]

Бұл шығармадан Алшындарға қатысты екі кезеңді байқауға болады.

Біріншісі, Жошының қыпшақтарды жеңіп, отбасын және әкесі берген елдерді Қыпшақ даласына көшіріп келуі. Олардың қайда көшіп келгені туралы шежіреші айтпайды, бірақ басқа тарихшылар Жошы Ертіс өзенінің жағасына көшіп келді дейді. Әкесі берген 9 мыңелдің ішінде орман елі- алшындар болуы кәміл.

Екіншісі, 1227 жылы Жошы қайтыс болғаннан кейінгі оның жұртының – (оның ішінде алшындардың да)тағдыры. Жошыжұрты оның үлкен ұлы Батуға тиді. (Әбілғазының шежіресіндегі Сайын-хан - осы Бату. Сайын– моңғолшадан аударғанда жақсы, ұнамды, жайлы дегенді білдіреді.) Бату 1236-1242 жылдары Батысқа жорық жасап, елін-жерін кеңейтіп, Еділдің бойынан Сарай салдырды. Алтын Орда деп аталған осы мемлекет 15-16 ғасырда Өзбек хандығы, Қазан хандығы, Қырым хандығы,Қасым хандығы, Астархан хандығы, Қазақ хандығы, Бұхара хандығы, Хиуа хандығы сияқты хандықтарға бөлініп кетті. Алшындардың біраз бөлігі сол бөлініп шыққан жұртпен кетті, екінші бөлігі Жошының шөбересінің есімімен аталған Ноғай Ордасының құрамында қалды, оны моңғолдың маңғытруынан шыққан Едігенің ұрпақтары орда ыдырағанға дейін биледі.

(жалғасы бар)

Abai.kz


[1]Этногенез казахов с точки зрения популяционной генетики The Russian Journal of Genetic Genealogy (Орыс нұсқасы) 5-т, №1, 2013 ж.33-б.

[2] Алшын атауының мәні мен мазмұны. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. №4 (27), 2010 ж.18-б., №1(28) 2011ж.8-11бб.

[3] Г.Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. 2-т. Ленинград, 1926 ж. 531,534- бб.

[4] В.В.Радлов.Из Сибири. Страницы дневника. Москва,1989ж. 94- б.

[5]М.Тынышпаев. Материалы к истории киргиз-казакского народа.Ташкент,1925 ж.21-б.

[6] Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 109,296,354,788- бб.

[7]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 28-б.

[8]Сонда

[9]Сонда

[10]  М.Тынышпаев. Материалы к истории киргиз-казакского народа, Ташкент, 1925 ж.53-54 бб.

[11]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 27- б.

 

[12]Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. 1-т.Алматы, Дайк-Пресс, 2005ж.301-б.

 

[13] А.Н.Кононов. Родословная туркмен. Сочинения Абу-л-Гази (Бахадур-хана) хана хивинского . Москва, 1958. 44-45 бб.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345