Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3512 0 пікір 23 Қыркүйек, 2010 сағат 06:24

Ілесбек БАЙЖАНОВ. Тек неге тексізденіп барады?

Тек - тұғырың болмаса, ғұмырыңнан қайыр кәні? Біздің қоғамда ойы жұтаң, табаны тайғақ жігітсымақтар мен намыстан жұрдай, жалпақшешей, ұлттың қамы сөз болғанда тілін жұтып қоятын шенеуніктерден аяқ алып жүргісіз. Ал төмендегі мақалада автор ұлттың ұсақтануы мен оған себеп болған қилы кезеңдер туралы әңгіме қозғапты. Мақаладағы тарихи деректердің дәлдігіне редакция жауапты емес. Алайда көтеріліп отырған мәселенің дұрыстығы мен растығына қылаудай да шүбә келтірмейміз.

 

Отарланудан бұрын табиғаты қатал аймақта өмір сүрген қазақтар қала мен дала мәдениетін үйлестіре білді. Ерте көктемде оңтүстіктен бастау алып, сонау тайгаға дейін жеткен сәнді көштер, миллиондап мал айдаса да шаңы шықпайтын Арқа мен Құлынды далаларын еркін шарлады. Ру-тайпалар майлы ішекше араласып, құдандалы боп, құйрық-бауыр жесті. Мұның өзі дүниеге келер ұрпақ денсау­лығының мықты, бойшаң, көрікті болуына әсер етті. Сондай-ақ жаугершілік кезең­дерде өзге ұлттардан әйел алу үрдісінің де келер ұрпақтың саулығына оң әсер еткені - тарихи шындық.

Тек - тұғырың болмаса, ғұмырыңнан қайыр кәні? Біздің қоғамда ойы жұтаң, табаны тайғақ жігітсымақтар мен намыстан жұрдай, жалпақшешей, ұлттың қамы сөз болғанда тілін жұтып қоятын шенеуніктерден аяқ алып жүргісіз. Ал төмендегі мақалада автор ұлттың ұсақтануы мен оған себеп болған қилы кезеңдер туралы әңгіме қозғапты. Мақаладағы тарихи деректердің дәлдігіне редакция жауапты емес. Алайда көтеріліп отырған мәселенің дұрыстығы мен растығына қылаудай да шүбә келтірмейміз.

 

Отарланудан бұрын табиғаты қатал аймақта өмір сүрген қазақтар қала мен дала мәдениетін үйлестіре білді. Ерте көктемде оңтүстіктен бастау алып, сонау тайгаға дейін жеткен сәнді көштер, миллиондап мал айдаса да шаңы шықпайтын Арқа мен Құлынды далаларын еркін шарлады. Ру-тайпалар майлы ішекше араласып, құдандалы боп, құйрық-бауыр жесті. Мұның өзі дүниеге келер ұрпақ денсау­лығының мықты, бойшаң, көрікті болуына әсер етті. Сондай-ақ жаугершілік кезең­дерде өзге ұлттардан әйел алу үрдісінің де келер ұрпақтың саулығына оң әсер еткені - тарихи шындық.

Қазақ халқы жайлауға шығу мейрамын асыға күткен. Сұлтандар мен ханзадалар, ұлысбасылар мен байлар тойға киетін алтын, күміс сауыттарын, атақты сұлу ханшалар пәуеске дейтін күймелі арбаларын жайлауға шығатын көштерге мініп шыққан. Тәні де, жаны да сау халқымыздың табиғатпен етене араласып, үйлесімді өмір сүре білу мәдениеті ешбір халықта кездеспейді. Қазақтар отырған жерінің шаңын, суының лайын шығармаған. «Күрен» деп аталған арба үстіне тігілген, түрлі киелі оюлармен нақышталған аппақ киіз үйлер қоныс аударуға өте ыңғайлы болған. Дәулеті мен тұрмысы мықты хан, сұлтандар мен байлардың үлкен үйлері тігілген арбаларды 32 өгізге дейін сүйресе, ең кедейінің арбасын 4 өгіз сүйреген.

Ата-бабаларымыздың ерте замандардан бері кешегі Ресейдің ақ патшасына кіріптар болғанға дейінгі аралықтағы қан тазалығын сақтау жолындағы тәжіри­бесіне, одан ары тарих қатпарларына тағы да тереңдеп көрейік:

«Ұлы қаһандар мен хандар, ақса­қалдар ұлттың денсаулығы мен рухын биік ұстау жолындағы бұл маңызды мәсе­лелерге қатаң түрде көңіл бөліп, бақылап, халқымызды тексізденуден, азғындау­дан сақтап отырған. Тоғыз ауылға билігі жүрген орта жастан асқан азаматты немесе қарияны бабаларымыз Шыңғыс хан дәуіріне дейін «Ақсақал» деп атапты. Шыңғыс хан мен Абылай хан заманы арасында бұл азаматтар: «Алакөш билер» деп аталған. Әрбір ру мүшесінің қан тазалығы - ол ер азамат па, әйел ме - бәрі де осындай текті азаматтардың бақылау­ында болған. Өзара қан алмасу белгілі бір шекке жеткенде, кейбір ауылдарды бөлшектеп, үш жүзге бөліп, айлық алыс жерлерге көшіріп, басқа тайпалармен араластырып жіберіп отырған. Негізгі мақсаттары қан тазалығын сақтап, дүние­ге денсаулығы мықты ұрпақтардың келу­іне жағдай жасау болатын.

Сонау ерте замандарда Ұлы Тұран­ның патшасы Елтеріс Қаһанның (Күлтегін Білектінің ұлы атасы) кезінде қан алмастыруды реттеу мақсатында Алты Алаштан тараған­дарды үш жүзге таратып бөлген­ соң, саяси-аумақтық бөліктерге де қатаң талап қойылған.

Махамбеттің совет заманында жария­лауға тыйым салынған бір толғауында: «Мұзқабатты жерлер» мен «Күлтөккеннің» арасын жайлаған 341 қағанат ел едік!» - дейді. Бұл - алып Тұран еліне қараған қағанаттарды айтқаны. Яғни 1 қағанатта 41 ұлыс болса, 1 ұлыста 41 ауыл болған. Ал 1 ауылда өзара қан алмасуға тиісті 7 рулы ел тұрған. Осы ауылдардағы рулар саны соғыстардың, індет пен жұттың әсерінен 7-ден азайып кетсе, оларды қайта жинап, тағы да 3-ке бөліп отырған.

Бес мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы бабаларымыз Алаш Қаһан мен оның ұлы Жаһанға «Мейірім мен шапағаттың» ұрығын сепкен Қазақ Қаһанның салт-дәстүрі мен рәсімдеріне, тіліне, діліне адалдықты сақтаған Алты Алаштан тарағандар Берке Науан Хан Тәуекелдің дәуірінде салт-дәстүр мен тілден, ділден айырылып, өз жақындарымен қыз алысып тексіз болып кеткен «ағайындарынан» іргені аулақ салып, түбі бір халық екіге жарыла бөлініп, Қазақ Хандығының сол кездегі астанасы болған Самарқанды тас­тап, Түркістанға көшіп кеткен.

Енді «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі жайларға тоқталайық. Соғыстан әлсіреп шыққан Қазақ еліндегі саяси жағдайлар айбынды ұлы Абылай хан дүниеден озған соң шиеленісіп, оның орнына жігерлі Қасым Сұлтанды сайламай, таққа отыр­ған иі жұмсақ Уәли Хан қарамағындағы көп жерлерден айырылып қалды. Елден бірлік кетіп, Батыста Әбілқайыр ханның ұрпақтары басқа хандық құрды. Тексіз, түбі қалмақ Қоқан ханы мен Тәшкен билеушілері пайда болып, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірін бөліп алды. Осы кезден бастап ел басқару үрдістері бұзылды. Тектілердің, билер мен ақса­қалдардың билігіне ақ патша тарапынан балта шабылып, Ресей ұлы далаға қа­мал­дар салып, ішкерілей берді. 19 ғасыр­да ұлы дала заңдары жойылып, хандық­тар таратылып, ел билігі тікелей Ресейдің губернаторларына, ояздарға, олардың өздері сайлаған болыстарына көшті.

Отаршылдардың алдында енді жолбарыс мінезді халықты қалайда жуасыту мәселесі тұрды. Олар бұған да қатты көңіл бөлді. Қазақтың текті азаматтары билікке сайланбай, тізгін мансапқорлар мен дүниеқоңыздарға берілді. Және солардың күшімен ұлттың негізі болған салт-дәстүрлер мен рәсімдерге, әдет-ғұрыптарға шабуыл жасалды. Ұлттың рухын көтеретін, таңды-таңға ұрып жырлайтын жыраулар мен ақын, серілер қуғын­далып, «итжеккенге» айдалды.

Қазақ - әу бастан арқалы да, аруақты халық. Ал аруақты халық рухының қайта оянуы отаршылдар мен олардың жергілік­ті итаршы қызметкерлеріне өте тиімсіз еді. Қыспаққа шыдамай бас көтерген көтерілісшілерді патша әскері мен олар­дың жалдамалы күштері аяусыз басып, жаншып отырды. Оның үстіне, Оңтүстік, Сыр бойы мен Арал аймағы кейін пайда болған Қоқан, Хиуа хандарының шабуылдарына ұшырады.

Ауызбіршілік пен ынтымақтан айырылып, кешегі өздеріне бағынып тұрған халықтардың кіріптарлығына түскен халқымыздың тарихын астыртын келіп зерттеген «яһудилердің» кеңесіне құлақ асқан патша үкіметі, яғни Ресей отаршылдары қазақтың ғасырлар бойы табиғатпен үйлесімді түрде өмір сүру мәдениетін, көшіп-қону үрдістерін бұзды.

Өрісі тарылып, адымы тұсалған қазақ­тар қан алмасуға амалсыздан жаңалықтар енгізіп, енді «Құда - мың жылдық, күйеу - жүз жылдық», - деп, нағашылары мен құдалар жағын жағалап, қыз алыса бастады. Ұр­пақтан-ұрпаққа жалғасқан, алыс тайпа-рулармен қыз алысу мен таңдау аясы осылай шектел­гесін, табиғи сұрыпталу бұ­зылып, дүниеге келген ұрпақтар ауру­шаң, әлжуаз бола бастады. Шетінеу көр­сеткіші күрт артты. Бұрын қазақтар 3 метр­ден асқан алыптарды: «Сырықтай», - де­се, 2 метрден ас­қан азаматтарды: «Құ­рық­тай», - деп атаған. Ал 2 метрден тө­мен­дерді «Тырық­тай», - деп, аласаға балаған.

Неғұрлым алыстан қан алмасқан са­йын келер ұрпақ гендік жағынан тазарып, қазақ халқы өзінің атам заманғы алыптық, мықтылық, тектілік жағдайына қайтуына, яғни Абылай заманындағы «арыстан мен жолбарыс мінезді» қалпына келуіне мүмкін­дік көбейеді. Жасыратыны жоқ, кейбір ауыл мен шағын қалашықтарда екі немесе үш-төрт рудың өкілдері ғана тұрады. Сұрастыра келсеңіз, бір-бірімен құда-жекжат болып қыз алыспаған отбасы тым сирек. Бір-біріне нағашы-жиен, жезде-қайны, қысқасы, тонның ішкі ба­уындай араласып кеткен. Тіптен өз руы болмаса болды, жастар үйленіп жатыр және бұл үрдіс арифметикалық өсіммен күннен-күнге ұлғайып барады. Мұндай құда-жекжаттықтың соңы әлжуаз, ауру­шаң, стрестік ауыр жағдайларға бейім тұратын ұрпақтың көбеюіне алып келуде. Соңғы деректер бойынша тек қана 2007 жылдан бері республика бойынша мыңда­ған жасөспірім мен жастар өздеріне қол салған.

Автордан ескерту: мұндағы тарихи деректер «Бестаңба», «Ізбөрі», Ғасыр табақ насияты» кітаптарынан алынған құнды тарихи деректерді кейінгі ұрпаққа жеткізіп кеткен Сыпыра шежіреші Әлиасқар Байғұтұлының мол мұрасынан алынған.

Ілесбек БАЙЖАНОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Шымкент шаһары

 

ЕСІҢІЗДЕ ЖҮРСІН

Апиын да нәр еді...

Отаршыл жүйе, ең бірінші кезекте, басып алған халықтардың жігер-күші мен ой қуатын, салт-дәстүрін, бұлжытпай орындалуға тиісті рәсімдерін, тарихын жоюға тырысады. Американың жергілікті халықтары - үндістер көкнәрдің бір түрі «кокайнды» қатал табиғат жағдайында емге қолданып келсе, бизондарды ет үшін пайдаланған.

Америкаға кірген ашкөз европалықтар жергілікті халықтарды жеңе алмағасын, олардың салттары мен әдеп-ғұрыптарын, жейтін тамақтарына дейін зерттеген. Олар әуелі «кокайн» плантацияларын өртеп құртып, спирт өнімдерін «отты су» деп, алғашында тегін таратып, оған халықты әбден үйретіп, содан кейін бизондарды миллиондап атып, улап, індеттер таратып қырады. Ақырында, 300 жылдан соң жергілікті 150 миллионнан асатын үндістерді түрлі әдістермен қырып жіберген.

Жетпіс жылдық езгінің кезеңінде біздің де есімізден шығып кеткен дүние көп. Оның бірқатарын отаршыл билік әдейі ұмыттырды. Мәселен, бала кезімізде суықтағанда немесе көкжөтел пайда болғанда, әжелеріміз көкнәрінің қауашақтарын қайнаған суға езіп ішкізетін. Және сырқат сап тыйылатын. Жылан, қара құрт, шаян шаққанда, сіреңкенің басындай апиынды қайнаған суға езіп ішкізгенде уды қайтарған. Апиынның иісінен зиянкес жәндік атаулы аулақ жүрген. Сондықтан әжелеріміз оның бір түйірін керегенің басына іліп қоятын. Жақпайтын тамақтан немесе бұзылған астан уланған жағдайда да бұл шипалық қасиеті мол дәрілер тез әсер етіп, тиімді нәтижелер берген.

Апиын мен көкнәрді халқымыз емдік мақсатқа 20  ғасырдың 70 жылдарына дейін қолданып келді. Сол тұста буын, кемік аурулары мен жүрек-қан тамырлары аурулары мүлдем аз болған. Ал қазір тек жүрек-қан тамырлары ауруларынан республикамыз бойынша жылына 80 мыңнан астам адам көз жұмса, буындарда тас пайда болуы және сүйек-кемік ауруларымен 1,5 миллионнан астам адам зардап шегеді екен. Ал өт, бүйрек, ба­уыр, қуық пен несеп жолдарындағы тас пен құм жиылудан екінің бірі ауырса, ішкі шектер мен басқа да жерлерде жиналған қосындылар мен тастардан артық салмақ пайда болып, миллиондаған адамдарымыз зардап шегуде...

 

«Общественная позиция» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373