Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Ауыс-түйіс 8950 0 пікір 28 Желтоқсан, 2016 сағат 18:16

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕЙТІН ЫДЫРЫСОВ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАДЫ

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов басқа қызметке ауысуына байланысты министрлік қызметінен босатылды. Ыдырысовты қызметінен босату туралы жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қол қойған,-деп жазылған Ақорданың "Твиттердегі" ресми парақшасында.

Ыдырысовтың қандай қызметке ауысқаны туралы ресми ақпарат берілген жоқ.

Оның орнына Қайрат Әбдірахманов Қазақстан  Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.  Бұл жарлыққа да Мемлекет басшысы қол қойған.


Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы Талдықорған облысы Панфилов ауылында (қазір — Алматы облысы Жаркент ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1987).

1987-91 — Қазақ политехникалық институтының тарих пәні бойынша мұғалімі.

1991-93 — ҚМУ аспиранты. 1993-97 — Қазақстан СІМ 3-ші, 2-ші хатшысы, бөлім бастығы, Азия елдері басқармасы бастығының орынбасары.

1997 — ҚР СІМ Азия елдері департаменті директорының орынбасары.

1997-98 — ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы, 4-ші департамент директорының орынбасары.

1998-99 — ҚР СІМ 3-ші департаменті, екіжақты ынтымақтастық департаментінің директоры.

1999-2001 — ҚР сыртқы істер вице-министрі.

2001-2003 — Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

Сәуір, 2003 — наурыз, 2006 — Израильдағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі.

3 наурыз, 2006 — тамыз 2007 — ҚР сыртқы істер вице-министрі.

Тамыз, 2007 — қыркүйек, 2008 — Австриядағы ҚР елшісі — ЕҚЫҰ-дағы ҚР тұрақты өкілі.

Қаңтар, 2008 — ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық комитетінің төрағасы.

Қыркүйек-желтоқсан, 2008 — ЕҚЫҰ мен Венадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі.

Желтоқсан, 2008 — наурыз, 2011 — ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі.

Наурыз, 2011 — Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі. 2-ші санатты Төтенше және Өкілетті Елші шеніне ие (2001).

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz


0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036