Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4846 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 11:36

ОҚО: Шорнақтық шаруалар да жылды қорытындылады

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан қаласымен қапталдас орналасқан Шорнақ елді мекенінің халқы «Жұмыспен қамту 2020 - Жол картасы» бағдарламасы аясында бірқатар жобаларды табысты жүргізіп отыр,-деп хабарлайды «Абай ақпарат» порталы.

Жыл басынан бері қарай, аталған бағдарлама бойынша жергілікті тұрғындардың бірі жұмысқа орналасса, екіншісі жеңілдетілген несие алып, кәсібін дөңгелеткен. Жұмыссыздық көрсеткіші де осы есептен азайып отыр.

Сөзіміз сұйық шықпас үшін, аталған бағдарлама бойынша несие алып, шаруашылығын жолға қойған шаруаның бірі - Абзал Қоңырбаев. Ол мал шаруашылығымен айналысады екен. Сондықтан мемлекеттік жеңілдетілген несие алып, қазіргі уақытта 4 саумалы ұстап, түйе шұбатын өндіруде.

Абзал Қоңырбаев, кәсіпкер;

 «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 2,5 млн көлемінде несие алғанмын. Сонымен, әйтеуір бала-шағамның несібесі деп саумалы түйе асырап жатырмын. Биылғы жыл біз үшін табысты болды. Келер жылы шаруашылықты үлкейту жоспарда бар.

Шорнақтықтар үшін өзекті мәселенің бірі жұмыссыздық болатын. Мемлекеттік бағдарлама арқасында қазір жағдай жақсарған. Еңбекке ебі бардың бәрі кәсіпке тартылуда. Жергілікті билік бұйыртса, тағы 200-ге жуық тұрғынды жұмыспен қамтуға ниетті екен. Бұл – келесі жылдың жоспарына енгізілген көрінеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5289