Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3250 0 пікір 24 Қыркүйек, 2010 сағат 09:38

Алматыда пышақ қолданумен болған төбелес кезінде тағы бір студент қаза тапты

Алматы. 24 қырқүйек. ҚазТАГ – Давид Ян. Алматы қаласының 5-ші клиникалық ауруханасына достары ессіз күйде жеткізген Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (ҚазҰАУ) студенті қаза болды, жастардың топтасқан төбелесі өткен сәрсенбіде Алматының Бостандық ауданында болған. Бұл туралы агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.

Студенттер «біреу біреуден тартып алған» ұялы телефон үшін қақтығысып қалған, дейді дереккөздер, бірақ төбелескендердің санын және қандай жоғары оқу орындарында оқитындарын нақтылаған жоқ.

Олардың айтуынша, «жастар Наурызбай көшесінің маңында Абай даңғылы мен Сәтпаев көшесінің ортасында кешкі сағат 18 бен 19-дың арасында қақтығысып қалған. Ал жарты сағат өтпей жатып дәрігерлер ҚазҰАУ-дің 3-ші курсында оқитын 21 жастағы шымкенттіктің өмірі үшін күресіп жатты».

Сот-медициналық сараптаманың актісіне сәйкес, өлім (студенттің – ҚазТАГ) өткір заттан кеудесінің сол жағынан өкпесінен және оң жаң санының алдыңғы жағынан тиген   жарақаттан қан жоғалтудың нәтижесінде болған».

Университет жатақханасында тұрған бала оқитын оқу орнындағылар оның қатарластарынан оқуда да, тұрмыста да еш ерекшеленбегенін айтқан. Бұған дейін заң бұзбаған.

Құқық қорғау органдары өкілдерінің атап көрсетуінше, сол күні М. Тынышпаев ат. Қазақ көлік және коммуникация академиясының бірінші курс студентін өлтіруге қатысы бар адам ұсталып, қамауға алынған.

«Масанчи көшесінде ҚККА-ның №4 жатақханасында тұрған 18 жастағы оңтүстікқазақстандықтан ол төбелес кезінде жерлесін жарақаттаған пышақ тәркіленген. Пышақ заттай айғақ ретінде қылмыстық іске қосылды», – дейді дереккөздер.

Төбелеске қанша адамның қатысқаны, полицияның оларды ҚР ҚК қандай баптары бойынша жауапқа тартып жатқаны, оқу орындарының атаулары хабарланбай отыр.

Заңгерлер бұл -соңғы үш күнде адам қазасымен аяқталып отырған алматылық жоо-лар студенттерінің екінші төбелесі екенін айтып отыр.

Бұрын хабарланғандай, өткен сейсенбіде Алматының Әуезов ауданында Жандосов және Алтынсарин көшелерінің қиылысында шыққан төбелесте Қазақтың еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының (ҚЕӘҚА) 3-ші курс студенті, 20 жастағы алматылық пышақтан көптеген жарақаттар алған.

Жаралы студентті сейсенбі күні  9 сағат 30 минутта Жандосов және Алтынсарин көшелерінің қиылысында кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар тауып алған, ол кейін қан көп кеткендіктен ауруханада көз жұмды.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздер тергеуші тұрмыстық себептермен кісі өлтіру болжамын қарастырады деген болатын. «Айналадан табылған (қылмыс орнынан - ҚазТАГ) шыны бөтелкелердің сынықтары, пышақ қылмыстық іске заттай айғақтар ретінде тіркелді, олар қылмыстың тұрмыстық себебіне нұсқайды», – деді ол.

Оның өліміне қатысты АИРС баспаханасында жұмыс істейтін екі алматылық қамауға алынды. «19 және 22  жастағы баспагерлер 22 қырқүйекте арнайы және жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталды», деп хабарлады қалалық ІІД.

Ведомстводағылардың айтуынша, үстерінен ҚР ҚК 96 бабының 1 бөлімінде (кісі өлтіру) қарастырылған қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған фигуранттар қамауға алынды.

«Олардың (қамауға алынғандардың - ҚазТАГ) кісі өлтіргені жауап алу, бетпе-бет кездесу және басқа да тергеу шаралары кезінде әшкереленді», – дейді департаменттегілер. Дереккөздерінің айтуынша, белгілерге қарағанда, қылмысқа бұзақылық ойлар себеп болған.

Нақтыланбаған мәліметтерге сәйкес, төбелес 3-ші курс студенттерінің 1-ші курс студенттерінен ақша бопсалағаннан кейін, соңғылары таныстарын көмекке шақырған соң шыққан.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364