Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4002 0 пікір 27 Қыркүйек, 2010 сағат 06:53

Жақсылық Досқалиевқа қарсы қылмыстық іс қозғалды

Еліміздің қаржы полициясы органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевқа қарсы қылмыстық іс қозғағаны туралы ақпарат таратты.

Экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай журналистерге берген сұхбатында бірнеше күн бойы Астана мен Алматыны қаулаған пыш-пыш әңгімелерді растап, «Жақсылық Досқалиевқа осы жылдың 21 қыркүйек күні қылмыстық іс қозғалды» деп мәлімдеме жасады. Өкінішке орай, Жұманбай мырза министрге қандай айып тағылып жатқаны туралы ешбір қосымша дерек айтпады.

Алайда, кейбір ақпарат көздеріне сенетін болсақ, денсаулық сақтау министріне қатысты қылмыстық іс атышулы «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасын іске асыру барысында жіберілген «қателіктерге» қатысты болуы мүмкін екен. Тағы біреулер Жақсылық Досқалиев биліктегі кландардың арасында жүріп жатқан айқастың «құрбаны» болуы ықтимал деген ойларын жасырмады. Осы пікірлердің қайсысы дұрыс екенін алдағы уақыт көрсетер деп ойлаймыз.

«Абай-ақпарат»

Өмірдерек

ДОСҚАЛИЕВ Жақсылық Ақмырзаұлы

1955 жылғы 30 қарашада Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келді.

- 1973 жылы Ақтөбе облысы Алға қаласының В.И.Пацаев атындағы №2 орта мектебін бітірді.
- 1979 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік бітірді. Еңбек жолын Алға аудандық ауруханасында хирург-дәрігер қызметінен бастады, кейіннен осы аурухана бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді.
- 1988 жылы ССРО Медициналық ғылымдар академиясының Бүкілодақтық хирургия ғылыми орталығында клиникалық ординатураны тәмамдады.
- 1988 жылдан бастап Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясында аға лаборант, кейіннен жалпы және госпитальдік хирургия кафедрасының ассистенті болды. 1989 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
- 1993-1995 жылдары А.Н.Сызғанов атындағы Клиникалық және экспериментальді хирургия ғылыми-зерттеу институтында аға, жетекші, бас ғылыми қызметкері, ал 1995 жылдан бастап эндоскопиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі болды.
- 1994 жылы докторлық диссертация қорғады, 1997 жылы профессор атағына ие болды, 1999 жылы ҚР Медициналық ғылымдар академиясының мүшесі болып сайланды.
- 1998 жылдан бастап 2000 жылдың тамыз айына дейін Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының ректоры қызметін атқарды.
- 2000 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
- 2001 жылғы 17 қазаннан 2004 жылғы сәуірге дейін - ҚР Денсаулық сақтау министрі.
- 2004 жылғы сәуірден 2007 жылғы қыркүйекке дейін - «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК ректоры.
- 2007 жылғы қыркүйектен 2008 жылғы қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.
- 1999 жылдан бері «Нұр Отан» республикалық халықтық-демократиялық партиясының мүшесі.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1999 ж), 2004 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.
- 2007 жылы М. Ломоносов атындағы орденмен марапатталды.
- 200-ден астам ғылыми еңбектің, 6 монографияның, 50-ден астам өнертабыстың авторы.
Отбасы иесі, екі баласы бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279