Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3817 0 пікір 27 Қыркүйек, 2010 сағат 07:16

Павлодар облысы қазынашылық департаментінің қызметкерлері мен Екібастұз әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы қамауға алынды

Павлодар. 27 қырқүйек. ҚазТАГ – Павлодар облысы бойынша экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (ЭҚСЖКД) аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін облыстың қазынашылық департаментінің қызметкерлерін қамауға алды және Екібастұз қаласының әлеуметтік бағдарламалар және халықты жұмыспен қамту бөлімінің бастығын пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды облыстық ЭКСЖКД баспасөз қызметі.

«Тергеу барысында ақша жымқыру мақсатымен аталған мекемеде жұмыс істемеген адамдар - өз туыстарының банк карточкаларына жалақы салынғаны анықталды. Жымқыру мекеме қызметкерлерінің жалақы қорын, салық, зейнетақы және т.б. салымдарын үнемдеу есебінен жүзеге асырылған. 2001 жылдың 1 қаңтарынан 2010 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде 262 млн теңге көлемінде ақша жымқырылған», -делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Қазір күдіктілердің екеуінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды, бөлім бастығы болған әйел сот санкциясымен қамауға алынды.

«Сондай-ақ, Екібастұз қаласында ЖШС басшысынан мемлекеттік сатып алулар бойынша тендерде жеңіске жету мүмкіндігін беру үшін 220 мың теңге пара алды деген күдікпен Екібастұз әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар және халықты жұмыспен қамту бөлімінің бастығы және осы мекеменің сектор меңгерушісі ұсталды. Бөлім бастығы қамауға алынды, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3223
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279