Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4066 0 пікір 28 Наурыз, 2017 сағат 15:08

Үкімет басшысы мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты бақылауда ұстауды тапсырды

Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдерінің егіс науқанына әзірлігі туралы есептерін тыңдап, жауапты мемлекеттік органдарға алдағы жұмыстарды жүргізу аясында тапсырмалар берді.

Премьер-Министр Үкімет тарапынан көктемгі егіс жұмыстарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық шешімдер қабылданғанын атап өтті. Осыған байланысты барлық ауыл шаруашылығы жерлері тиімді пайдаланылуы керек. Бюджетте егістік үшін қарастырылған қаражат қатаң түрде мақсатына лайық бағытталуы тиіс, бұл тұқымдарды субсидиялауға да қатысты.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев өзінің орынбасары, ҚР ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовке Энергетика министрлігімен бірлесе отырып ауыл шаруашылығы өндірушілерін дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, ҚазАгро холдингіне ақшалай қаражатты уақытылы бөлу және ауылдықтар үшін оның қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343