Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5957 0 пікір 19 Маусым, 2015 сағат 11:46

Берік ЖҮСІПОВ. ҚАЗАҚ СӨЗІНДЕ ҚАСИЕТ ҚАЛДЫ МА?

Ұлт құндылықтарын өлтіргісі келетін­дер­дің бәрі «киллер».
Ол – тасада тұрған әйдік айтақшының бө­рік астында өсірген бөлтірігі, қолға ұс­тайтын қуыршағы ғана. Бұрын да солай бол­ған, қазіргі төңкерісшіл идеялардың бә­рі әлгілердің әлеуметтік тапсырысымен жа­салып келеді. 
Оларда ұлт деген ұғым жоқ, ондай ұлы се­зім болып көрмегендіктен басқа біреудің кө­сегесін көгертеді деу қиын. Барлық әре­кеттері белгілі бір делдалдардың арнайы тапсырысымен. Бүгінімен ғана өмір сүреді, келешек үшін бас қатыру міндетіне кіріп көр­ген емес. Арамызға барынша сіңіп кеткен, солардың-ақ жолы болғыш. Жалдамалы киллер – кісі қанын төккені үшін ақы ал­са, бұлар үшін жеке мүдделері іске асып, қа­ра басының қамы күйттелсе жетіп жатыр. Есе­сіне, тамағы тоқ, көйлегі көк, уайым жоқ. Қиянаттарына қатысты арнайы заң жоқ демесеңіз, екеуінің Құдай алдындағы жауапкершілігін бірдей.
Казір руханияттың қай саласында да осын­дай жалдамалылар көбейіп кеткен. Қа­йда барсаң да өзеуреп сөйлеп ағынан ақ­тарылып тұрғанситын «бейбітшілік аң­саған ақкептерлер». Былайғы жұрттан айырым белгісі шамалы. Жылтыңдап көп көрі­нетін жерлері мен тұрақты мекендері ақпарат құралдары, көгілдір экрандардың беті. Әйтеуір шындық айтқансып «шырылдайды», жыртысыңмен бөлісіп жүргендей, ұлт намысын қорғап тұрғандай әсерде қал­дырғысы келеді, шетінен әсіре жаңашыл. Америка мен кәрі еуропаның қаңсығына тамсанып отырып меңзейтіндері үлкен саясат астауы. Мына қоғамда жүріп жатқан «гүж-гүждер» солардың жасап отырған жы­мысқы әрекеттері екенін қазір Сіз де жақсы біліп отырсыз. Бәріміз де түсінеміз, бірақ бо­сағадағы байтөбет сияқтымыз – айта алмаймыз!
Сөз көп, әрекет аз. Қай нәрсені де қаты­рып тастайтындай болып кіріскенмен ісінің арты сиырқұйымшақтау. Сонау 90 жыл­дардың бел ортасы естеріңізде ме? Әлгілер сол кезде бой көрсете бастаған. Сөйтіп талай марғасқаның тырнақтап жиған абыройын тегенемен төгу үшін арамтер болып, итаршылыққа барды. Ақырында қазақта арандамаған адам, былыққа белшесінен батпаған тұлға қалып жарыған жоқ. Шынын­да дәл солай болмаса да, болғандай етіп көрсетуге тырысып бақты. 
Бір ғана мысал айтайын. Көл-көсір білім мен шет-шегі жоқ қазақы зерденің иесі, «Бал бұлағы есіліп аққан, Арғымағы көсіліп шапқан Сарыарқа» деп қазағын мейілінше бар мейірімен балаша сүйген – Ахаңа, кешегі Ақселеу Сейдімбекке не істеп, не көрсетпедік? Марқұмның сондағы бар айыбы: қазақтың эротикалық фольклорын жинап, жүйелеп, соны зерттеу үшін ғылыми не­гізін салып бергені екен. Өмірінде тән ләз­заты мен төсек қызығына тоятта­ма­ған­дай, боғауыз өлең естіп көрмегендей өре түрегеліп, өршелене төмпештедік кеп. Со­ның бәрін қолдан ұйымдастырып, әдейі жа­саттық. Осындайда Абай әулиенің сөзі ес­ке түседі: «Қазақтың өлгенінің жаманы жоқ, Тірісінің жамандықтан аманы жоқ!». Соған қарағанда тіріде жаманатты болып жүру біздің маңдайымызға жазылған! Қазір де солай. Кешегі ер халықтың бүгінгі ұрпағы ара­сынан «Осы қалай?» деп ұлт сөзін сөйле­т­ерге пенде табылмай келе жатыр. Көбісінің жағасына кір жұғып қалған! 
Заратуштра деген пайғамбар өткен. Сол жарықтық: «Әуелі дұрыс ой, сосын түзік сөз, қорытындысы ізгі әрекет» депті. Бүгінде тұ­тастай қоғамдық ой бұзылған. Сіздің де әрекетіңіз бұзылғанын сезсеңіз себебін құрғақ сөзден емес, ойдан іздеңіз! Ойыңыз­дың бұзықтығы міндетті түрде әрекетіңізге әсер етеді. Сөз деген әлгі екеуін байланыст­ырып тұрған көпір ғана. Өкініштісі, қазақ­тың барлық құндылығының кіндігі байланған сол «алтын көпірді» заманның лай суы шайып кетіп тұр ғой. 
Менің бір білетінім, ұртыңда тұрған сөздің сыртқа шығып кеткенінше жан баласына залалы жоқ. Ауыздан шығып ауаға жайылды екен, құбылып басқа түрге еніп материяға, жан кіріп белгілі бір құралға ай­налады, сол арқылы құдіретті күшке ұла­сады. Ақырында сөз «тас жарады, тас жар­ма­са бас жарады». Міне, біздің қазақтың сөзді кие тұтуының бір себебі. Бірақ қазір сол қазақтың сөзінде қадір-қасиет қалып жарыды ма өзі? Қай жерде болсын, қалай болса солай сөйлей беретіндігімізді мен содан көремін. 
Рас, бүгінде көп адам әлдекімге, әрқа­лай себептермен жақпай қалып, дүміне қоңырау байлап алудан зәре-құты қалмай, тек қана екі елі аузын бағып, айналасын қым­тап сөйлеуді әдетке айналдырған. Кей­біреулер әлдекімнен өшін алып, міндетті түр­де бір мұқатып қалмайынша сөйлемейді. Ақыр аяғы кімнің шығармасы сыналса да жеке басын қорлап, әлгіні шашынан сүйреп көрге тыққанша тыншымайтындарды қайтерсіз. Сынасын ғой, бірақ оны көптің кө­зінше неге қорлайды? Осының бәрі конс­титуциялық құқығымызды білмейтіндігіміз­ден, білсек те соған салғырт қарайтын қа­зақи қылығымыздан-ау деймін. Әйтпесе дамыған мемлекеттерде біреуге ретсіз күйе жағып сүйкенген кісі көпке дейін үйін таба алмай қалушы еді ғой. Бізде бәрі керісінше, қолдан келгенше қонышынан басып сыбап ке­ле жатырмыз. Әсіресе, кейінгі кезде өш­пендіміз. Біреудің қыр ізінен қалмау деген­нің өзі санасы саудың ісі емес, әрине. Оны өк­шелеп, өшігіп келе жатқан қызылкөздің сез­беуі бек мүмкін. Үлкен кемшіліктің бірі – осы. 
Ал «жұлдыз» ауруына шалдығып жүрген кей­біреулердің былшылын сөзге санаудың өзі артық. Қай каналды қосып қалсаң да бір-біріне шеке тамыр соғып, керілдесіп, ит ыр­қыл, күнде тырқыл болып жататын тек өзіміз. Есесіне, өткенін байыптап, тарихын та­разылап, дәстүрін бағамдап, тәрбиесін жүйелеп, ұлт болашағы болдырып қалмау үшін қам жасап жүрген қазақты көп көре бер­мейсің. Содан соң: қор болған эфир, га­­зет, кетеуі кеткен сөз, оны тыңдап, оқып отырған миллиондардың есіл уақыты демес­ке амалың жоқ. Соған қарағанда кейде жастардікі де жөн бе деп қаламын, бірыңғай интернет «ауылына» көшіп алған. Оңды-солды сапырылып жатқан әлгі бере­ке­сіз сөз­ден, бір-бірін күстаналаған орын­ды-орын­сыз сыннан, сөлекеті басым пікір­лер­ден саясатта, қоғамда, ғылымда, әде­биет пен өнерде ең болмаса бірдеңе өз­герсе екен-ау. Жоқ, өзгерген ештеңе де байқал­майды. Баяғы жартас – бір жартас. Байтө­бет үрген, керуені көшкен, арнасымен су ақ­қан, түбінде тас қалған...
Қазаққа сүйреңдеген тілден пайда бол­са бұлай болмас еді-ау...

 

"Қазақ әдебиеті" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407