Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5759 0 пікір 17 Маусым, 2015 сағат 04:34

Назарбаев университетінің алғашқы түлектерінің оқу бітіру рәсімі өтті

15 маусымда Назарбаев университетінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен алғашқы түлектерінің оқу бітіру рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге студентер, ата-аналар, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрам, ірі ұлттық компаниялардың басшылары және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Мемлекетті басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Назарбаев университетінің алғашқы түлектерін оқу бітірулерімен құттықтап:
- Халық сіздердің істеріңізге қарап университеттің дайындық деңгейін бағалайтын болады. Ол үлкен жауапкершілік. Мен сіздердің әрқайсысыңыздан кәсіби тұрғыда жан-тәндеріңізбен беріліп жұмыс істейді деп сенемін. Сіздердің оқуларыңыз алғашқы диплом алғандарыңызбен тоқтап қалмайды. Ол өмір бойы жалғасады. Өмірдің шындығына тек білімдеріңізді жетілдіргеннен кейін ғана қол жеткізесіздер. Оған жетудің жолын сіздер 5 жыл бойы үйреніп шықтыңыздар. Еңбек пен кәсіпті серік етпесеңіздер сіздердің жаттап алғандарыңыз тез-ақ ұмытылып қалады. Тек өз ісінің нағыз маманы ғана бәрін біліп қана қоймай, білімін нақты іспен көрсете алады. Университеттің түлектері дәл сондай кәсіби болады деп сенемін. Өйткені сіздердің алдыларыңызда елді дамытып, халықты гүлдендіріп, бақытқа жетелеу тұр, - деді.

Айта кетейік, 2010 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Назарбаев университетін алғашқы болып 446 студент аяқтады. Студенттер көбіне гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, ғылым және технологиялар, инженерия, жоғарғы білім беру, жоғарғы мемлекеттік саясат мектебінде және жоғарғы бизнес мектептерінде білім алды. Жалпы алғанда, университет ашылған кезден бастап жеті мектептегі студенттер саны 2800-ге дейін артты. Жыл сайын 500 адам оқу грантына ие болады. 
Университетті аяқтағаннан кейін түлектердің біршамасы еңбек жолын бастауды, ал кейбірі əлемдік деңгейдегі жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ Назарбаев университетінде əрі қарай білімін жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

Айнұр РАКИШЕВА, Ғабит МАДАЛИЕВ

Baq.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377