Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 8383 0 пікір 7 Маусым, 2015 сағат 14:49

АМАНАТҚА ЖАСАЛҒАН ҚИЯНАТ

Біз өскен шағын ауыл өзінше бір әлем еді. Жазғы жайлауда ақ шаңқан үйлер қатарлап тігілетін. Кешкі уақыт кезінде дөң басына жиналған ауылдың үлкендері кейде шахмат ойнап, түрлі әңгіменің тиегі ағытылушы еді. Менің әкем Әбдіхалық он қолынан өнер тамған сол ауылға танымал ағаш шебері болды . Төрт сыныптық білімі болса да жазуы маржандай анда – санда өлең жазып отыратын әдеті бар еді. Домбырасын қолына алып күй тартып, оның шығу тарихын айтатын. Бірде топтасып отырған үлкендер ауылдың ертеңі  туралы әңгімелесіп отырды. Ауыл адамдары менің әкемді «Әбе» деп сыйлайтын. Сіз  мына жастарға баяғыдағы әңгімеңізді айтып беріңізші естерінде жүрсін. Ендігі жастар дүние қуып ауылдың береке – бірлігін ойламайтын болып барады...

-         Баяғыда төрт құбыласы түгел асқан дәулетті бір адам өмір кешіпті. Өзі көп оқымаған бірақ ортасына аса сыйлы болыпты. Өзінің кіндігінен жалғыз ұлы болыпты. Қатты науқас болып ауырып жатып, ұлын шақырыпты: «Өмірде адамға дүние мүлік жолдас болмайды. Менің байлығым бірнеше ұрпаққа жетеді. Ұрпақты бол. Олардың  береке – бірлікшіл болуына барлық қолдан келген шаруаны жаса», - деп өмірден өтіпті. Баласы әке аманатын орындауға өмірін арнапты. Үш ұл бірнеше қыз балалы болып бақытты ғүмыр сүріпті. Күндердің бір күнінде ел  басына күн туып,  жаугершілік қиын заманды бастан кешіпті. Әкеден қалған мал мүліктен айырылып, жан сауғалап алыс көз көріп,құлақ естімеген жерге қоныс аударыпты. Тілін, ділін салтын білмейтін елде қиналып жүріп бала - шағасын өсіріп ержеткізіпті. Асыл, Ардақ,Кенже атты ұлдары ат жалын тартып мінетін азамат болған кезде әкесі қартайып аурушаң болыпты. Бір кешке үш ұлын шақырып аталары  айтқан аманатын ұлдарына жеткізіпті. «Мен әкемнен қалған алтын-күмісті  туған жерімнің бір тауына терең жер қазып көміп кеттім. Сендер өсіп ержеткенде айтайын деп, жасырып келгенмін.Енді міне, үшеуің үш отбасы болдыңдар. Атадан қалған дәулетті тауып, игіліктеріңе жаратыңдар. Бірақ жол алыс, қатерлі. Бір – біріңе серік болыңдар. Қандай жағдайда болсын, бірліктеріңнен айырылмаңдар. Қазынаны тапқан соң Асыл, Ардақ екеуің дүние мүліктің екі бөлгенінің бір бөлігін теңдей бөліп алыңдар. Қалғанын Кенжеге беріңдер.Өйткені Кенже қарашаңырақ иесі»- деп тапсырыпты...

-         Ағайынды үшеу жолға шығып, айлап – жылдап жүріп , арып – шаршап  әкесі айтқан мекенге жетіпті. Бірнеше күн қазып мол байлыққа қол жеткізіпті. Үшеуі қатты қуанып ауылға қайтыпты. Қайтып келе жатып бір  үлкен шаһарға  жеткен кезде ауылдың бір адамы кездесіп әкелерінің өмірден өткенін жеткізіпті. Үшеуі қатты қайғырып елге жетуге әлі де жол алыс сондықтан ат көлікті тынықтырып бір екі күн аялдауды жөн көріпті. Кенже ұйықтап жатып түсінде екі ағасы екі арлан қасқырға айналып өзіне төніп келе жатқанын көріп шошып ояныпты. Ұйқысы келмей біраз жатыпты... Екі ағасы шаһарды аралап келе жатып бір бал ашып отырған тәуіпке кездесіпті. Екеуі тәуіпке әкесінің аманатын айтып өздерінің ертеңгі өмірі туралы сұрапты. Балгер сендер егер әкеңнің айтқанын орындасаңдар бар байлыққа інілерің ие болады, өздерің соның құлы боласыңдар, деп сайрапты. Екеуі ақылдасып інісінің көзін жойып, байлықты бөлісіп алуға келісіпті.

- Ертең жолға шығамыз сен барып базардан тамақтар сатып әкел , - деп біраз ділдә беріп інісін базарға жұмсапты. Кенже базар аралап келе жатып кешегі ағалары жолыққан  тәуіпке кездесіпті. Ол өзінің көрген түсін айтып, жорып беруін сұрапты. Балгер ана екі ағаң сені өлтіріп бар байлықты алып қалмақшы. Сондықтан сен андағы тамаққа у қосып алып барып жегіз. Әйтпесе өлесің, әкең айтқан аманат  «береке – бірлік» ол әншейін қиял депті. Сол  мезетте Кенже уды алып барлық тамаққа қосыпты. Қайтып қосқа келген бетте Кенжені екі ағасы  сөзге келместен алып ұрып өлтіріп тастапты. Екеуі тамаққа тойып алып енді жүрмекші болғанда улана бастапты. Сол кезде байлықты алуға келген балгер  Асыл мен Ардаққа қарап:

-  Әке аманатын орындап,  бірлікке келсең бұл байлық үшеуіңнің ұрпағыңа жетеді екен. Аманатқа қиянат жасау кешірілмес күнә, - деп миығынан күліп байлықты алып кетіпті...

Дәлелхан Әбдіхалықұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340