Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7551 0 пікір 31 Мамыр, 2015 сағат 14:20

ПЕДОФИЛДЕРДІ ӘТЕКТЕУ КЕРЕК

Парламент педофилдерді химиялық піштіру мәселесін қарастыруда.

Қазақстан ІІД әкімшілік ювеналды полиция комитеті бөлімінің басшысы Әсет Оспанов қоғамда кеңінен талқыланып жүрген педофилдерді химиялық піштіру мәселесі үкімет деңгейінде қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Бұл туралы Оспанов Орталық коммуникация қызметінің брифингісінде айтты деп хабарлайды 24.kz.

Оспановтың айтуынша, Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында кәмелетке толмағандарға қатысты қылмысқа барғандардың жазасы қатайтылды. 2010 жылғы түзетулерден кейін кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін азаматқа ең көбі 10 жыл емес, 15 жыл қамауға алу жазасы тағайындалатын болды. Ал 14 жасқа жетпегендерді зорлағаны үшін қылмыскер 20 жылға дейін темір торға тоғытылады.

Заңгер мамандар әлсіз құқық қорғау жүйесі әзірге Қазақстанда педофилдерді химиялық піштіру жазасын енгізуге мүмкіндік бермейді дейді. Әйткенменде,  Конституция мұндай заңды қабылдауға тыйым салмайды.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036