Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Әттең... 7387 0 пікір 29 Мамыр, 2015 сағат 10:42

«ШАХТЕР» НЕГЕ ШАРШАП ЖҮР?

«Шахтер» футбол клубы ағымдағы ел чемпионатында жылдағыдан өзгеше «өнер» көрсетіп жүр. Командаға өткен жылғы ойын маусымының 2 жартысынан бастап тек сәтсіздік жолдас болуда. Клуб төрағасы мен бас бапкер алмастырылды. Атап айтсақ, команда басшысы Н. Жарылғапов пен бас бапкер В Чебурин міндеттерінен босатылды. Команда басшысы болып бұрын «Шахтерде» доп тепкен калининградтық Балтика командасын жаттықтырған Егоров, ал бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы болып бір кездері «Шахтерде» ойнаған Е. Свещников тағайындалды. Сонда да жергілікті команда жеңілістен көз ашпай келеді. Кубок ойындарынан да шет қалды. Ал, бұның негізгі себебі құрамдағы белді ойыншылар өзге командаларға ауысып кеткендіктен дейді мамандар. Белді ойыншылардың орнын    келімсек ойыншылар   сенімді ақтай алмай келеді. «Шахтердің» турнир кестесінің соңғы сатысынан көрінуіне клубқа бөлінген қаражаттың төмендеуі бірден бір себеп екені айтпаса да түсінікті. Осындай халдегі сүйікті командамызды келесі маусымнан бастап төменгі лигадан көруіміз әбден мүмкін. Әрине, біздер, жанкүйер қауым, облыс билігіндегі басшылар бұндай жағдайға жеткізбейді деп үміттенеміз. Екінші айналымда жаңа білікті ойыншылар құрамға қосылып, команда ойыны ширап, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деген үміттеміз.Тұтас бір өндірісті өңір мен қаланың намысын қорғап жүрген аяқдопшыларымызға қолдау көрсетілетініне әлі де сенгіміз келеді. Ең бастысы – өткен жеңістерге тоқмейілси бермей келешекті ойлап, «Шахтер» командасын қалай да дағдарыстан алып шығуға бір кісідей ат салысқанымыз жөн! 

Дархан Уәлиев,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Қарағанды қаласы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036